«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

05 қараша 2018

Тағы бір «ақжолдық» мәслихат депутаттарын қосымша сайлауда жеңіске жетті
5 қазан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП Павлодар облыстық филиалы
Тағы бір «ақжолдық» мәслихат депутаттарын қосымша сайлауда жеңіске жетті – ағымдағы жылғы 28 қазанда Ербол Арынов Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

           
Осыдан бұрын ол 2003 жылдан 2011 жылға дейін Павлодар қаласында ІІІ-IV шақырылымдағы мәслихаттың депутаты болған. Арыновтың кәсіпкерлік тәжірибесі көп, бұл салада аянбай еңбек етіп келеді. 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Ақ жол» Демократиялық партиясының облыстық филиалын басқарды.
«Мен «Ақ жол» партиясының негізгі бағыттары мен құндылықтарын ұстануға, партияның саясатын жалғастыруға ниеттімін. Қазіргі уақытта «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасын басқарамын. Тәжірибелі кәсіпкер ретінде бизнес-қауымдастығына қатысты барлық сұрақтар мен мәселелермен етене таныспын», - деді «Ақ жол» депутаты.
Ол сайлаушыларды Елбасымыздың Жолдауда қойған мақсаттар мен міндеттерін жүзеге асыруға атсалысатынына әрдайым дайын екеніне сендірді.
Елімнің азаматы ретінде, мен үшін әрқайсымыздың өмір сүру сапасын жақсарту аса маңызды. Ол кең ауқымды жұмыс жасауды қажет етеді. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, қолжетімді тұрғын үй, жайлы және қауіпсіз өмір сүрудің сапасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері. Мұғалімдердің мәртебесін көтеру қажеттігін де толық қолдаймын.
Әрқайсымызға көп еңбек ету қажет. Қандай жұмыс атқарсақ та, өз жұмысыңды кәсіби деңгейде, бар жаныңды салып жасау керек деп санаймын», - деп атап өтті Арынов.
Жалпы алғанда әртүрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарда «Ақ жол» ҚДП-ның атынан 50-ге жуық депутат жұмыс істеуде.
 

 


Видео

30 қазан 2018
29.10.2018. 31 канал. "ИнформБюро". Комсомол тойы парламентке жетті. Азат Перуашев бастаған бірқатар мәжілісмендер бұл күнді мереке емес, қасірет күні деу керек деп отыр.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс