«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

07 қараша 2018

«Ақ жол» депутаттары монополистердің қызметі мен тарифтеріне бақылауды күшейтуді талап етті

7 қараша 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Ақ жол» депутаттары монополистердің қызметі мен тарифтеріне бақылауды күшейтуді талап етті – «Ақ жол» фракциясының тиісті депутаттық сауалын бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Меруерт Қазбекова мәлімдеді.

            

Статистикаға сүйенсек, егер біздің азаматтарымыздың табысы соңғы үш жылда 28,3% -ға өскен болса, онда су және жылу тарифтері 22,9% -ға, электр энергиясы - 15,4% -ға өскен.

Ол Премьер-Министрдің атына жолдаған фракцияның депутаттық сауалында Президенттің тапсырмасы бойынша Бас прокуратура ұйымдастырған электр энергиясы және жылумен қамтамасыз етудегі монополистердің тарифтеріне жүргізілген тексерістің БАҚ-та жарияланған нәтижелерін келтіріп өтті. Монополистердің өз шығындарын асырып көрсетуі мен жалған мәмілелер жасау фактілері анықталды. Тарифтердің құнына  қызметкерлерге берілетін бонустар мен сыйлықақыларды, несиелер бойынша сыйақыларды қосып отырған. Шығындарының көлемін қасақана ұлғайту мақсатында әдейі үлестес компанияларды құрып, ал түскен пайданы қолма-қол ақшаға айналдыру компаниялары арқылы шығарып отырған.

«Бұл заң бұзушылықтар тиісті өкілеттілік пен жабық дерекқорларға қол жетімділігі бар Бас прокуратураның монополистерді ғана емес, сондай-ақ олардың контрагенттеріне тексеріс жүргізуі арқылы анықталды. Алайда, өкінішке орай, монополияға қарсы органға мұндай өкілеттіктер мен мүмкіндіктер берілмеген», - деп атап өтті депутат және де әр жыл сайын бизнеске деген, соның ішінде табиғи монополияға деген әкімшілік қысым азайып келеді – монополистер жүзеге асыратын басқа да реттемелі қызмет түрлеріне қойылған шектеулер алынып тасталғанын айтып өтті.

Қазбекованың пікірінше, бұл орта және шағын кәсіпкерліктің дамуына монополистердің өздері кіретін нарыққа ығыстыруы арқылы қауіп төндіреді. Оның үстіне, монополистік қызметке деген мемлекеттік бақылаудың әлсіреуі жоғарыда айтылған тексеріс нәтижесінде айқындалған тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейіне әсер етеді.

«Монополияға қарсы реттеуге жататын салалардағы орын алған жағдай мәз емес: олар – көмір, жанармай, банк және коммуналдық шаруашылық сияқты тауар нарықтары. Бүгінде онда монополияландыру жүріп жатыр, қатысушылар санын қысқартып, олардың арасындағы бәсекелестік төмендеген.

Мәселен, еліміз көмірді тұтынғаннан гөрі әлдеқайда көп өндіретініне қарамастан, оның тапшылығы жыл сайын байқалады. Ал, оның бағасы көмір разрезінен тұтынушыға жеткенге дейін  тасымалдаушылардың кесірінен 3 есеге қымбаттап кетеді. Дәл мұндай жағдай жанармай нарығында да орын алған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жақында Алматы қаласындағы ірі автожанармай құю стансалары баға келісімін жасасқаны үшін айыпталды, бірақ заңнамадағы соңғы өзгерістерге байланысты монополияға қарсы органдар тек анықталған бұзушылықтар туралы оларға хабардар етіп қана қойды.Теміржол нарығында да әлі күнге дейін бәсекелестік жоқ. Тіпті қоқыс шығару нарығында монополияларды құру үшін қолайлы жағдайлар жасалған, тіпті кейбір әкімдіктер оларға қоқысты шығаруға айрықша құқықтар беріп отыр. Монополистің қатардағы кәсіпкерден айырмашылығы, ол өз өнімдерінің сапасын жоғарылатуға және бағасын төмендетуге мүлдем мүдделі емес, себебі оның шығаратын өнімдері бәсекелестіктен тыс», - делінген сауалда.

Олардың қызметтерінің жоғары құны түпкілікті тұтынушыға әсер етеді. «Ақ жол» фракциясы бұл – біздің өніміміздің бәсекеге қабілетсіздігінің негізгі себептерінің бірі деп санайды. Депутаттар Президенттің биылғы Жолдауында берілген тапсырмаларды еске салып өтті: «Экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен, батыл шаралар қабылдау қажет. Коммуналдық қызмет пен табиғи монополияларды реттеу салаларында тарифтіӊ жасалуы және тұтынушылардан жиналған қаржыныӊ жұмсалуы әлі күнге дейін ашық емес», - деген еді Елбасы.

Бүгінде монополистердің қызметі, жемқорлық сияқты экономиканың өркендеуіне тежеу болып отыр. Егер елімізде жемқорлықпен күрес үшін арнайы құралдар қолданылып, Мемлекет басшысына есеп беруге міндетті арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган құрылса, ал монополистердің заңсыз әрекеттерімен және оларға тіреу болып отырған олигархтар тобымен күресу бәсекелестік жөніндегі Комитеттің құзыретіне берілген. Мемлекет басшысы айтып өткендей, бұл органды «министрліктердің біріне тығып қойған».

Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясы:

1.  монополияға қарсы органның мәртебесін көтеру және оларға монополистердің қызметіне және тарифтеріне толық бақылауды жүзеге асыруға өкілеттіктер беру;

2. табиғи монополияға деген бақылауды тексеріс жүргізуге қойылатын жалпы талаптардың ықпалынан шығарып, оларды тексерудің арнайы тәртібін құру қажет деп санайды.

«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

 


Видео

29 қараша 2018
28.11.2018. Берік Дүйсембинов. «Ақ жол» фракциясы қазақ елінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін зерделеуге арналған жыл сайынғы жалпыұлттық байқауын ұйымдастыруды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс