«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

07 қараша 2018

АЛАШ ТУЫ АСТЫНДА – «Aikyn.Kz»

7 қараша 2018 жыл

«Айқын» газеті

Елордадағы «Kinopark 8 IMAX Saryarka» кинотеатрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Ел» продюсерлік орталығымен бірлесе отырып түсірген ұлт-азаттық Алаш қозғалысы туралы сыр шертетін «Алаш туы астында» атты деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

           

Фильмнің тұсаукесеріне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты.

 – Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» – деп көрсеткен болатын. Осы орайда, Алаш азаматтарының тарихи аз уақытта қазақ халқына сіңірген еңбегінің бағасы өлшеусіз екенін баса айтқым келеді. «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» – деп жырлаған Сұлтанмахмұт Торайғыровтай бүгінде алаш ізбасарлары баршылық. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алаш арыстары ұстанған ұлттық идеяны бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда ұштастырып, көреген саясатты ұстанып келеді, – деп кеңінен тоқталды министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

           

Сонымен қатар, құрметті қонақтар қатарында ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Азат Перуашев болды.

Бүгін шын мәнісінде ерекше оқиға болып отыр. Алаш азаматтарына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтіп жатыр. Осыдан жүз жыл бұрын алаш азаматтары өздерін құрбандыққа шалып, аянбай еңбек еткен. Соны бүгін біз ұмытпай, ұлықтап отырмыз. Көпшілікке белгісіз парақтарды ашайық деп отырмыз. Фильмді түсірген топқа алғыс білдіре отырып, осындай фильмді өндіріске жібергеніне мәдениет министрлігі және спорт министрлігі мен министр Арыстанбек Мұхамедиұлына көп рахмет айтамын, – деді Азат Перуашев.

1918 жылдың 8-23 қыркүйегі аралығында Ресейдің Уфа қаласында Мемлекеттік мәжіліс өтті. Мәжіліске Ресейдің сол кездегі большевизмге қарсы барлық саяси күштері қатысты. Осы мәжілісте Алаш қайраткерлері ұлт-азаттық күрес мүддесін заңды түрде қорғаудың үлгісін көрсетті. «Алаш туы астында» атты деректі фильмнің алғашқы көрсетілімі 100 жыл бұрын өткен осы датаға үйлестіріліп отыр.

Дереккөз: https://aikyn.kz

 


Видео

30 қазан 2018
29.10.2018. 31 канал. "ИнформБюро". Комсомол тойы парламентке жетті. Азат Перуашев бастаған бірқатар мәжілісмендер бұл күнді мереке емес, қасірет күні деу керек деп отыр.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс