«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

12 қараша 2018

«Ақ жол » партиясы «Офсеттік саясат туралы» заңды қабылдауды тағы да талап етті және Үкіметке инвестициялық субсидияларды мұнайшылар мен тау-кен өндіру саласына емес, қайта өңдеу өнеркәсібіне бағыттауды ұсынды – Азат Перуашев Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды мәлімдеді

12 қазан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберінде жүктелген ішкі нарықты дамыту туралы тапсырмалары офсеттік саясат тақырыбының өзектілігін арттыра түсті – деп Индустриалды-инновациялық бағдарламаға (ИИДМБ) демократтар фракциясының ұсыныстарын ұсына отырып Ақ жол» партиясының жетекшісі өткен сәрсенбіде мәлімдеді.

           

Азат Перуашев «ақжолдықтардың» бұл мәселені 2012 жылдан бері Парламентте көтеріп келе жатқанын еске салып өтті. Офсеттік келісімдер табиғи қазба байлықтарды пайдаланудан түсетін табыс көзінің бір бөлігін жолдау бойынша жергілікті кәсіпорындарды қолдауда, соның ішінде олар қолданатын құрал-жабдықтарды өндіру технологиясын тарту арқылы шетелдік компаниялардың міндеттерін реттейді.

«Ақ жол» фракциясы «Офсеттік саясат туралы» Заңды қабылдау Жолдаудың жүктеген тапсырмаларына сәйкес келетініне сенімді. Мұның үстіне, өткен жылы «Жер қойнауы туралы» Кодексті талқылау барысында табан тірескен пікірталаста фракцияның депутаттары шетелдік жер қойнауын пайдаланушылармен осындай өзара әрекеттесудің негізгі алғышарттарын қорғап шыққан болатын.

Азат Перуашев офсеттік саясатты қолдану «өңдіруші аймақтарда (Павлодар, Қарағанды облыстары, ШҚО, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында) шағын және орта бизнес үлесінің жылдам өсуін қамтамасыз етеді» деп айрықша атап өтті. Ондағы ШОБ-тің үлесі 10-15%-ды құрайды және орташа республикалық көрсеткіштен 2-2,5 есеге артта қалған.

Демократиялық фракция тағы да басқа бірқатар жаңалықтарды ұсынды.

«Президенттің Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру, соның ішінде жалақыны көтеру жөнінде қойған тапсырмасы монополистердің тарифтерінің өсуі және ұлттық валютаның тұрақсыздығы кесірінен жойылуы мүмкін – делінген сауалда. – Көптеген отандық өндірушілер импорттық материалдар мен жабдықтарды пайдаланады, және де теңгенің тұрақсыздығы өнімнің өзіндік құнына тікелей әсер етеді.

«Осыған орай «Ақ жол» фракциясы Индустриалды-инновациялық бағдарламасының құралдарына (ИИДМБ-ға) валюталық тәуекелдерді сақтандыруда кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсетуді енгізуді маңызды деп санайды. «Ақжолдықтардың» пікірінше, мұндай шара бизнестің мүддесін қорғау үшін ғана емес, сондай-ақ халықтың сатып алу мүмкіншілігін демеу үшін де аса мәнге ие.

Азат Перуашев бюджет үшін тым қымбатқа түскен инвестициялық субсидиялардың (салынған инвестициялардың 30 пайызын қайтару) проблемаларына да тоқталып өтті. Сонымен, «Ақ жол» фракциясының 2017 жылғы 22 қыркүйектегі депутаттық сауалына берген жауабында Үкімет бюджеттің есебінен төленетін инвестициялық субсидиялардың төлемдері 5 жыл ішінде тек өнеркәсіптегі жобалар үшін шамамен 500 млрд. теңгені құрауы мүмкін, оған байланысты оларды алу үшін инвестиция көлемі бойынша қойылатын талаптар 5 миллион АЕК-ке дейін ұлғайтылды және де оларды қолдану саласы қысқартылды деп хабарлады.

Осыған байланысты, фракция аса ірі мұнай-химия және тау-кен металлургиялық кешендерін субсидиялаудан бас тартып, оның орнына қалған қаражатты қосымша қосылған құны жоғары дайын өнімді шығаратын кәсіпорындарды инвестициялық субсидиялауға бағыттауды ұсынады.

«Жолдауда шикізаттық емес экспортқа баса назар аудару міндеті жүктелгенін ескере отырып, мұндай шара қолдану бюджеттік шығындарды азайтады және сонымен бірге технологиялық өнімдерді өндіруді ынталандыру арқылы экспорттың құрылымына да ықпалын тигізеді», - деп айтылған сауалда.

«Ақ жол» фракциясы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын тиімді іске асыруға бағытталған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жетілдіру бойынша барлығы 12 ұсыным тармақтарын Үкіметке жолдады.

 


Видео

29 қараша 2018
28.11.2018. Берік Дүйсембинов. «Ақ жол» фракциясы қазақ елінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін зерделеуге арналған жыл сайынғы жалпыұлттық байқауын ұйымдастыруды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс