«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

23 қараша 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Азат Перуашевпен кездесті – «Today.kz»

22.11.2018.

«Today.kz»

Кездесу барысында Мемлекет басшысына "Ақ жол" демократиялық партиясының жұмысы жөнінде мәлімет берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашевпен кездесті, деп хабарлайды Today.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

              

Кездесу барысында Мемлекет басшысына "Ақ жол" демократиялық партиясы мен оның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының жұмысы жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті "Ақ жол" демократиялық партиясының мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның негізгі басымдықтарын халыққа түсіндіру үдерісіндегі рөлін ерекше атап өтті.

"Сіз еліміздегі тәжірибелі Парламент депутаттарының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері "Ақ жол" партиясына басшылық етіп келесіз. Партияларыңыз нақты жұмыстар атқаруда. Мемлекеттің жүргізіп жатқан саясатына қолдау білдіріп, халық бірлігін нығайту ісіне өз үлестеріңізді қосып отырсыздар", – деді Елбасы.

Азат Перуашев партия фракциясының биылғы Жолдаудың негізгі бағыттарын орындау, соның ішінде "Бизнестің жол картасы-2020", "Индустриялық-инновациялық даму" бағдарламаларын одан әрі жүзеге асыруға және отандық бизнесті қолдау мақсатымен қабылданып жатқан шараларға қатысты ұсыныстар енгізу жөніндегі жұмыстарын атап өтті.

http://today.kz/kz/news

 


Видео

29 қараша 2018
28.11.2018. Берік Дүйсембинов. «Ақ жол» фракциясы қазақ елінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін зерделеуге арналған жыл сайынғы жалпыұлттық байқауын ұйымдастыруды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс