«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Сөйлеген сөздер

27 желтоксан 2018

Азат Перуашевтің бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасы бойынша сөйлеген сөзі

 

Мәжілістің пленарлық отырысы, 26 желтоқсан 2018 ж.

 

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы, құрметті әріптестер.

Талқыланатын құжат кәсіпкерлікті дамыту үшін оңтайлы ортаны қалыптастыруға бағытталған. Онда теңгерімді салық, кедендік және техникалық реттеу маңызды рөл атқарады.

          

Жалпы алғанда, үкіметтің алға ұмтылған оң талпыныстарын қолдай отырып, «Ақ жол» фракциясы туындаған бірқатар мәселелерге назар аударады.

Мәселен, қазіргі уақытта салық органдары көбінесе салық төлеушінің камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы берген түсініктемесіне келіспейді және бұл хабарламаны орындау мерзімінің аяқталуынан кейін салық төлеушінің банктік шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтатып, жоспардан тыс салық тексеруді белгілейді.

Мұндай тәжірибе салық төлеушінің қызметіне кедергі болып, оның заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді. Осыған байланысты, егер кәсіпкер жоғары тұрған салық органында немесе сотқа орындалмаған осындай хабарламаны мойындау туралы шешімке байланысты өз шағымын түсірсе, онда  шешім қабылдағанға дейін шығыс операцияларын тоқтата тұруға тыйым салудың мерзімін ұзартуді енгізу қажет деп есептейміз.

Сауда-саттық саласына үш компонентті интеграцияланған жүйелерді енгізіп іске асыруға келсек – біз шағын және орта бизнес субъектілерін осы ақпараттық жүйені (деректерді беру функциясы бар кассалық-бақылау аппараты, POS-терминал және тауарларды басқаруды автоматтандыру және есепке алу үшін құрал-жабдықтар) қолдануға ынталандыратын шараларды салық заңнамасында қарастыруды маңызды деп есептейміз. Осы жүйелерді пайдалану нәтижесінде жасалған төлемдер сомасын ҚҚС және Жеке кәсіпкерлік кірістері бойынша есепке қою үшін айналымнан шығарып тастау арқылы іске асыру.

Мәселе мынада, егер аталған үш компоненттік жүйе енгізілсе, кәсіпкер жеңілдетілген салық режимінен (АСР) қосымша құн салығын төлейтін салық төлеушілер қатарына қосылу қаупі туындамауы керек. Бұл олардың салықтық жүктемесін 3-4 есеге арттырады.

Керісінше, қазіргі заманғы төлем жүйелерін енгізу адал және ашық жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін қолма-қол ақшамен жұмыс істеуден гөрі әлдеқайда тиімді бола алатынына кепілдік берілуі тиіс. Ең болмағанда, өтпелі кезең кезінде. Себебі, басқа жағдайда мемлекет бұл айналымдарды көрмеуі мүмкін.

Кәсіпкерлердің өздері бастамашылық етуімен сауда-саттықта төлемді қолма-қол ақшасыз және толығымен заңды төлемдер арқылы жүргізуге ерікті түрде ауысуы мұндай қабылданған шешімнің орнын толтыратынына сенімдіміз.

Келесі бір жәйт: заң жобасында құмар ойын бизнесіне ҚҚС енгізу қарастырылған. Бұл концептуалды түрде дұрыс емес шешім, себебі бұл жерде әңгіме қосылған құнды және жалпы белгіленген тәртіпте есепке алу бөлігін құруға мүмкіндік болмайтын сала жөнінде болып тұр.

Біз әзірлеушінің бюджетке қосымша қаражат құйылуын қамтамасыз етуге деген ниетін түсінеміз, оның үстіне құмар ойындар сияқты жағымсыз сектордың есебінен. Дегенмен, кез-келген жағдайда, мәселені шешудің ғылыми негіздемесі мен әдіснамасы маңызды болып табылады. Дәл осы жағдайда, біздің түсінуімізше, фискалдық органдар экономикалық теориялардың кемшілігін «ғылыми түрткілеу әдісімен» толықтыруды шешкен екен. Мұндай әдістен құдай сақтасын.

Оған түпкілікті тыйым салсақ, әділ болар еді. Осы залда отырғандардың ішінен мұндай шешімді құптайтындары да бар деп ойлаймын.

Бірақ бұл бизнес заңды болып тұрған кезде – оған салық салуды заңды әдістермен жүргізейік. Мәселен, лицензиялардың бағасын қымбаттату, ойын алаңдарына бағасын қайта қою және т.б. Бірақ бұл бизнесті құрмайтын қосымша құн салығы арқылы емес. Жоқ нәрсеге салық салу мүмкін бе?.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдерде (мысалы, Ұлыбритания, Бельгия, Франция, Италия, Испания, Нидерланды және т.б.) және Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттерде құмар ойындар бизнесі саласындағы айналымдарды ҚҚС-тан толығымен босатқаны жайдан-жай емес.

Дегенмен де, ғажайыптарға (фантомдарға) емес, экономикалық санаттарға сүйеніп әрекет етсек жөн болар еді.

Әрі қарай. Өтіп бара жатқан жылы пилоттық жоба аясында кедендік шараларды электронды мағлұмдау енгізілді.

Қазіргі кезеңде (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 496 бұйрығына сәйкес) анықталған қателерге байланысты «Астана-1» ақпараттық жүйесі үнемі жаңартылып келеді. Сонымен қатар, электрондық декларация міндетті болып табылады және оның заңдық салдары бар. Нәтижесінде бизнес  негізсіз әкімшілік және қаржы тәуекелдері мен санкцияларға ұшырайды.

Осыған байланысты жарамсыз құжаттарды, оның ішінде әдейі жалған мәліметтерді пайдаланғаны туралы дәлелдемелер болмаған жағдайда, пилоттық жобаның іске асу кезеңінде тауарларды электронды декларациялау кезінде бұзушылықтар үшін декларация толтырушыларды (мағлұмдаушыларды) жауапкершіліктен босататын норманы ҚР Кеден кодексіне енгізу қажет деп санаймыз.

Сөз соңында айтарым, тауарларды міндетті таңбалауды енгізу бойынша заң жобасына ұсынылған нормаларға қатысты. 

Өткен пленарлық отырыста «Ақ жол» фракциясы бұл механизмді енгізуге қарсы өз аргументтерін көрсетіп берді. Сондықтан оны қайталап жатпаймын. Себебі Келісім парламенттік көпшілікпен ратификацияланды. Біз қабылданған шешімнің аясында жұмыс істейміз.

Ендеше, қалай бар, солай айтайық та, мұндай маркировканы қолданысқа енгізу отандық бизнесті қосымша шығынға ұшыратып, халықтың шексіз қалың жігі үшін өнімдердің қымбаттауына алып келеді.

Менің бұл «шектелмеген қалың топ» терминін қолданып отырғанымның себебі үкімет маркировка нақты қандай тауарларға енгізілетіні жөнінде жауап беруге дайын емес. Керісінше, өзіне аталған енгізуге шектелмеген құқық беруін талап етуде.

Әрбірден соң, құқықтық актілер жөніндегі Заңның 21-бабы заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу кезінде құжатты қабылдаудың ықтимал экономикалық, әлеуметтік және басқа салдарларының қаржылық-экономикалық есептеулерімен және болжамдарымен бірге қоса тіркелуін талап етеді.

Бұдан басқа, оған реттеушілік әсерге жүргізілген талдау, яғни анализі қоса берілуі керек

Алайда, не қаржы-экономикалық есепті, не реттеушілік әсерге талдауды әзірлеуші енгізбеген. Осылайша депутаттарға бұл норманы «көз жұмып» қабылдауын ұсынады.

Егер үкімет өз іс-әрекеттеріне болжам жасауды қолға алғысы келмесе, біз оның қандай нәтижегеге жеткізетінін түсінбей жатып, қалайша оған келісім бере аламыз?

Әріптестер, естеріңізге сала кетейін, осыдан бір апта бұрын Келісімді ратификациялау кезінде біздің алдымызда мінбеде тұрып сөз сөйлеген қаржы министрі марканың бағасы 3 теңгені құрайды деп хабарлаған болатын.

Ал, кеше ғана өткен Экономикалық реформа жөніндегі комитеттің отырысында ұлттық экономика вице-министрі Даленов мырза таңбаның (марканың) құны 150 теңге деп мәлімдеді. Бұл комитет стенограммасының 6-бетінде жазулы тұр.

Егер бастапқы мәселе бойынша Үкіметтің екі ресми өкілі параметрлерді 50 есе артық айырмашылықпен мәлімдеп отырса, бұл орайда қандай қаржылық-экономикалық бағалау туралы айтуға болады? Енді бұған тауарлардың шектелмеген ауқымды тізбегі мен халықтың шектелмеген қалың тобын қосыңыз.

Әлбетте, екі немесе үш белгісіздік күйі бар міндеттер болады. Дегенмен, дәл бұл жағдайда мүлдем ешбірі де белгісіз. Оның үстіне, қандай жағдай болмасын, ол үшін барлығының жауап беруіне тура келеді.

Ал бұдан бөлек, заң жобасы түсініксіз шығындарды талап ететін біртұтас инфрақұрылымды да талап етеді ғой. Сонымен бірге, Нұрлан Зайроллаұлы әділ ескеріп өткендей, ел аумағының кең жолақты интернетпен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі маркировканы қадағалаудан құтылып кетуге жағдай жасайтын «тесіктердің» туындауына алып келеді. Сол кезде жұмсалған барлық күш далаға кетеді.

Мұндай нормаларды қалайша қарастыруға болады, егер оны қабылдаудың біздің тұрғындардың өміріне қалай әсер етіп, қандай салдары болатынына баға бере алмасақ. Әңгіме қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне, халықтың әлеуметтік ахуалына және инфляциялық үрдістерге тікелей ықпал ететін тауардың өзіндік құнын қалыптастыру жөнінде болып отыр емес пе.

Кім мұндай болашағы бұлыңғыр перспектива мен айқын тәуекелдер үшін жауапкершілікті өз мойнына ала алады?

«Ақ жол» фракциясы бизнес пен халыққа салынатын қосымша қаржылық жүктеменің деңгейі бойынша есептеулер сол немесе басқа тауарлар тобына міндетті маркировка енгізбей тұрып қабылдануы тиіс еді. Логикаға сүйенсек, тауардың әр тобы бойынша шешімді үкімет емес, ашық әрі мұқият талқылаудан соң Парламент қабылдауы қажет. Себебі, сайып келгенде бұл жерде әңгіме бюджетке емес, жеке меншік компанияларға қосымша салық салу жөнінде болып отыр.

Сондай-ақ, ол отандық тауар өндірушілер мен шағын және орта бизнестің жаппай тексеруге мен таңбалауды енгізудің нәтижесіндегі шараларға деген төзімділігіне жекелей бағалау жүргізу керек.

Онсыз да маркировка бойынша енгізілген нормалар әуелден «бизнесті дамыту үшін жағдайды жақсарту» ретінде бағдарланған заң жобасында қарастырылған ресми міндетке тікелей қарама-қайшы келеді. Бұл – жақсарту емес, керісінше, қымбаттату және бизнес шарттарын қатайту.

Анық-қанығына көз жеткізбейінше, оларды заң жобасынан алып тастау қажет деп санаймыз.

Өйткені бүгін Мәжіліс спикері депутаттардың наразылығын екінші оқылымға дейін ескеріп, оны қарастыруын тапсырды.Министр Сүлейменов және басқа да министрліктер бұл жүктелген тапсырмаға еш қарсылықтарын білдірмеді. Қарастырылып отырған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдауға болады деп пайымдаймыз.

Рақмет.


Видео

14 маусым 2019
Выступление А.Перуашева 8 июня 2019

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс