«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

29 желтоксан 2018

Ақмолалық құрылысшылар марапатталды

29 желтоқсан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

Жаңа жылдың қарсаңында «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалында бір топ құрылысшы арнайы Елорда мен Қазақстанның өңірлеріндегі елеулі еңбектері үшін партия төрағасы Азат Перуашев қол қойған «Еңбегі үшін» медалдарымен марапатталды.

            

Бұл рәсімді өткізген облыстық филиал төрағасы Бақыт Смағұл барша марапат иелерін шын жүректен құттықтап, ел мүддесі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі. Мұндай марапат алғандар қатарында Көкшетау қаласында еңселі ғимараттар салатын Ғалымжан Копишев, Әділбек Ғабдуллин,  Мақсат Жақыпов, Дәурен Жарылғасов, Манат Мусин сынды компания басшылары бар. 

            

Өз кезегінде марапатқа ие болғандар партия атына өздерінің ризашылықтарын білдірді. Соңғы уақыттары бизнес мүддесін қорғауда ерекше белсенді биіктен көрініп жүрген Парламенттегі «Ақ жол» фракциясының жұмысына да жақсы баға берді.

         

 


Видео

29 желтоксан 2018
26.12.2018. "Қазақстан-Көкшетау" телеарнасы. "Ақ жол" партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Бақыт Смағұл "Еңбегі үшін" медалін табыстады

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс