«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

29 желтоксан 2018

«Ақ жол» партиясы Алматыда құрылысшыларды марапаттады
 29 желтоқсан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
29 желтоқсан күні «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалына алматылық және Алматы облысының құрылысшылары жиналды. Оларды «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Астана қаласына 20 жыл» медалімен марапаттады. «Ақ жол» партиясының жетекшісі Астана қаласына алғаш көшіп келгендердің қатарында болғандықтан, елорда құрылысының қиын кездерінен естелік айтты.

           
Құрылысшылар атынан Қазақ сәулет-құрылыс академиясының ректоры Серік Сиқымбаев «Ақ жол» партиясының жұмысына ризашылықтарын білдіріп, еңбектерінің еленгені үшін алғыс айтты.

          
Партияға жаңадан қабылданған құрылысшы Сергей Горенков өзі басқаратын компанияның аты «Ақ жол» екенін айтып, партия билетін қазір алып отырса да, өзін партияның алғашқы мүшелері қатарында санайтынын мәлімдеп, құрылысшылар еңбегін бағалап отырған «Ақ жол» партиясына алғыс айтты.

            
Сонымен қатар, партия төрағасының орынбасары, белгілі ақын Қазыбек Иса өз сөзінде: «Біз ақындар Астананы қаламмен қаласақ, сіздер, құрылысшылар, қалақпен қаладыңыздар»-деді.
Жиынға партияның Алматы қалалық филиалы төрағасы Нұрлан Жазылбеков пен Алматы облыстық филиал төрайымы Мейраш Шынәсілова және партия белсенділері қатысты.
 


Видео

27 ақпан 2019
«Хабар 24». 26.02.2019 год. Азат Перуашев, депутат Мажилиса Парламента РК. Закон об офсетной политике предлагают разработать в Казахстане.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс