«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

14 қаңтар 2019

Азат Перуашев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесті

 

  14 қаңтар 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

2019 жылғы 14 қаңтарда Азат Перуашевтің Қытай тарапының бастамашылық етуімен ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесуі өтті.

           

Чжан Сяо мырза «Ақ жол» ҚДП мен Қытай Компартиясы Орталық комитетінің партияаралық байланысының жоғары деңгейіне өз ризашылығын білдіріп, 2019 жылы «Ақ жол» партиясының Қытайға сапарын жоспарлауды ұсынды. Кездесуде «Нұрлы жол» және «Бір белдеу, бір жол» бастамаларының үндестігі аясында оны іске асыру барысы, Қазақстанда 55 жаңа өңдіріс орнын құру, сондай-ақ Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын этникалық қазақтардың ахуалына қатысты қоғам назарына ілінген мәселелер айтылды.

Азат Перуашев өз сөзінде «Ақ жол» ҚДП бизнестің партиясы ретінде Қазақстанға келетін инвестицияларды қолдайтынын айтып өтті. Алайда, мұнай-газ саласындағы жобаны қытай тарапынан іске асыруда біршама мәселелер бар. Өкінішке орай, қазақстандық жұмыскерлерді орынсыз қысқарту және ірі жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсетуде қазақстандық компанияларға шектеу қою жағдайлары орын алуда.

Бұдан басқа, мұнай-газ саласында ғана емес, сондай-ақ шағын және орта бизнестегі секторда да өзара ынтымақтастық көрсеткіші артқаны, экономикалық, кедендік, визалық аспектілерді тез арада қарау, ҚХР-да қазақстандық тауарларды сертификаттау қажеттілігі де талқыланды. Сонымен қатар, қазақстандық және қытайлық компаниялар арасындағы экономикалық белсенділіктің өсуі кейде істің сотта қаралуына алып келеді және осы дау-дамайларды әділ шешуді қажет етеді. Азат Перуашев қазақстандық кәсіпорындардың қолында тіпті ҚХР сотының шешімі бар болса да оны қытайлық контр-әріптестері тарапынан орындауға қол жеткізе алмай отырғаны жөнінде айқын мысалдар келтіріп өтті.

           

Елші Чжан Сяо бірлескен бизнес-жобаларға қолдау көрсетілу қажеттігіне келісті. Қытай елшісі Қазақстанда жұмыс істейтін қытайлық мұнай өңдеу компанияларының қызметіне және оларға айтылған сынға қатысты мұнай бағасының ғаламдық ауытқуы компания айналымының азаюына және шығындарды оңтайландыруға байланысты жұмыскерлердің қысқартылуына, соның ішінде тек қазақстандық персоналдың ғана емес, әкеліп соқтырды деп атап өтті. Соған қарамастан, елшілік осы саладағы өзекті мәселелерді шешуге көмектесуге дайын екенін білдірді.

Ол Шыңжаң Ұйғыр автономиясындағы этникалық қазақтардың мәселесі бойынша сөз Қытай Халық Республикасының азаматтары жөнінде болып отырғанын және олардың жергілікті заң құзыретіне сай Қытай заңын сақтауға міндетті деген пікірін білдірді.

Осы орайда, өз тарапынан Азат Перуашев 2017 жылы Бейжіңде өткен саяси форумда өз қолымен Қытай Компартиясы Орталық комитетінің Халықаралық бөлімі басшылығына ҚХР құқық қорғау органдарымен ұсталып, қамауда отырған 112 этникалық қазақтың тізімін тапсырғаны жөнінде еске салды. «Ақ жол» партиясы өзінің үн қатуында Қытай елінің ішкі істеріне араласқан емес, тек қана аталған азаматтардың хал-ахуалы жөнінде хабардар етуін сұраған. Алайда, бір жыл өтсе де ешқандай жауап болмады.

Азат Перуашев Қытай елінің ішкі саясатына құрметпен қарайтынын және оның ішкі істеріне қол сұғу мақсаты жоқ екенін баса айтып өтті. Осыған байланысты, қандайда бір түсініспеушіліктерге жол бермеу үшін ол қытай тарапын  ашық әңгімеге шақырып, ҚР депутаттары жолдаған өтініш хаттар мен сауалдарға ҚХР елшілігінің өз уақытында жедел жауап қатуын сұрады.

Сондай-ақ Азат Перуашев Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының экономикалық жобаларда да, «қоғамдық дипломатияда» да одан әрі дамуына сенім білдірді. Қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің Қытайда кеңінен танылып, көпшіліктің зор құрметіне ие болуы соның көрнекті мысалы бола алатынын айтты.

 

 


Видео

15 ақпан 2019
"Бірінші студия". Кәсіпкерлік - ел дамуының тірегі. Студия қонағы - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" партиясының мүшесі Берік Дүйсембинов.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс