«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

23 қаңтар 2019

«Ақ жол»: Халықтың қазынасына қаржыландырылған «Шар – Өскемен темір жолы» жұртты әуре-сарсаңға салып, қаңғыту үшін салынды ма?!
23 қаңтар 2019 жыл, «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Жалпы құны 360 миллион АҚШ долларын құрап, оның ішінде, 200 млн. доллар – зейнетақы қорларынан, 80 млн. доллар ұлттық компаниялар мен бюджеттен, 4 млн. доллар жеке компаниялар тарапынан қаржыландырылып, ғасыр құрылысына баланған «Шар – Өскемен темір жолы» неге тоқтап тұр? – бұл туралы бүгін Премьер-Министр Б. Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдаған «Ақ жол» фракциясының мүшесі Берік Дүйсембинов мәлімдеді.

            
Депутаттың айтуынша, осы жаңа жолдың арқасында Шығыс өңірінен Астанаға сапар шеккен азаматтарымыз Ресейдің Локоть станциясы арқылы өтетін айналма жолдың азабынан құтылып, жол уақыты 27 сағаттан 17 сағатқа қысқарып, жүк тасымалы да жылдамдап, арзандай түскен еді. Жалпы, бұл жаңалықты халық қуанышпен қабылдап,оң резонанс тудырған болатын.
«Алайда, бұл қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ. Міне, бір жыл бұрын Астанадан Өскеменге қатынайтын поезд бұл қысқа жолмен жүруді тоқтатып, Ресей арқылы қатынайтын ескі жолға түсті. Бұл – еліміздің шығысында тұратын азаматтарымызды өз үйіне оралу үшін екі рет кеден тексеруінен өтіп, 150 шақырымдық жолға 12 сағат уақытын шығындауға, қақаған қыста таксиге отырып, қосымша шығын шығарып, басын қауіпке тігуге мәжбүр етуде.
Кешелі бүгін төтенше жағдайлар комитетінен осы автожол бағытында жүздеген автокөліктер боранда жолда қалып, 300 ден аса азаматтарымызды құтқару шараларының өтіп жатқаны туралы ақпараттар келіп түсуде. Оның үстіне екі ортаға жарыса шапқылаған таксилердің онсыз да қанды көлік апатының статистикасын көбейтіп отырғаны сөзсіз.Өткен 2018 жылы Семей Өскемен арасындағы тас жолда 20 ға жуық көлік апаты орын алып,5адам көз жұмса, 20 дан аса адам дене жарақатын алған», - деп айтылған сауалда.
Осы орайда, «Сонда халықтың қазынасына қаржыландырылған қысқа да қауіпсіз бұл темір жол жұртты әуре-сарсаңға салып, қаңғыту үшін салынды ма?!», - деген «ақжолдық» депутат Үкіметтен осы мәселеден хабардар ма, хабардар болса, оны шешуге қандай шаралар қарастырып жатқанын сұрады.

 


Видео

18 сәуір 2019

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс