«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

01 ақпан 2019

Азат Перуашев «СарыарқаАвтоПром» және «АгромашХолдинг KZ» кәсіпорын ұжымдарымен кездесті

1 ақпан 2019 жыл, «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

31 қаңтар күні жұмыс сапарымен Қостанайға келген «Ақ жол» партиясының жетекшісі, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев «СарыарқаАвтоПром» және «АгромашХолдинг KZ» кәсіпорындарының еңбек ұжымымен кездесті.

            

«Сіздер оқушы я болмаса студент емессіздер, сол себепті дәріс оқымай-ақ қояйын. Ашық сөйлессек деп едім. Сұхбатымыз сіздердің сауалдарыңыз бен менің жауабымнан тұрсын» - деп бастады өз сөзін Перуашев. Және оны жергілікті автокөлік құрастырушылар да бірден қолдады.

           

Әңгіменің басы пәтерлер мен оның жастарға қолжетімсіздігінен басталды.

«2019 жыл жастар жылы болып жарияланды. Осыған орай жас мамандарға арналған қолжетімді баспана бойынша ұсыныс енгізсек деп едік. Бүгінде «7-20-25» бағдарламасы бар, алайда, өкінішке қарай, ол барлығы үшін қолжетімді емес. Тұрғын-үй алу үшін пәтер бағасының 20%-ын жинақтау керек. Бірақ қысқа мерзімде қажетті сомада ақша жинауға көбісінің мүмкіндігі жоқ», - деді Меруерт есімді жас қыз.

            

«Шынында, кейбіреулер үшін 20% алдын-ала төлем жасау өте қиын. Дегенмен, бірқатар облыстарда, мәселен Шымкентте, алғашқы 10% бастапқы жарнасын жас мамандарға әкімдік берген. Бұл өте жақсы тәжірибе. Өткен жылдың қыркүйек айында біз «7-20-25» шеңберінде жастар үшін бастапқы жарна мөлшерін 10% ету жөнінде арнайы депутаттық сауал жолдаған болатынбыз», - деп атап өтті Перуашев. – Ал, екінші бір мәселе – бұл несиеге белшесінен батқан халық. Бұдан басқа, тағы бір жәйт, бағдарламаның критерийлеріне сай келетін тұрғын-үйдің өзі тапшы».

           

Алайда, Азат Перуашевтің айтуынша, соңғы мәселені шешуге болар еді – егер жатақханалар мен шағын өлшемді пәтерлер салынса.

«Мен Қостанайдағы жағдайды біле қоймаймын, бірақ Астана мен Алматы қалаларында бір уақытта 150-200 шаршы метрлік пәтерлерді тұрғызған еді. Сәйкесінше, оның құны да шарықтап кетті. Оған сұраныс болмады. Сондықтан 30,40,50 шаршы метрлік, ең жоғары дегенде 70 шаршы метрлік ауданды құрайтын пәтерлер тұрғызу қажет», — деп «Ақ жол» партиясының төрағасы өз пікірін білдірді.

Сонымен қатар, өңірдегі филиал өкілі Дастан Жұмабаев қымбат қызметтік автокөліктер мәселесін қозғап өтті.

«Президент шенеуніктерді отандық автоға көшуге үнемі шақырады. Тіпті, аудан әкімдерінің өзі құны 30-40 миллион теңгені құрайтын «Ленд Крузер 200» көлігін мінеді. Шенділер Қостанайда құрастырылатын «SsangYong» нашар тас жолдардың кесірінен не бәрі 3- 4 жылғы ғана шыдайды деп өздерін ақтайды. Әйткенмен, біз отандық өндірушілерге демеу көрсетуіміз керек емес пе?!», - деді Перуашев. Депутаттың сөзіне сүйенсек, көптеген министрлер мен өңір әкімдері қазақстандық көліктерге көшкен. Бірақ, жол талғамайтын қымбат автокөлік айдап жүрген бастықтар да бар.

           

Бұл орайда, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ның техникалық даму бойынша директорының орынбасары Сергей Могилатов «JAC» және «SsangYong» автомобильдерін бірнеше жылдар бойы жергілікті кәсіпорындар пайдаланып жүр және олардан ешбір шағым түскен емес», - деп өз ойын білдірді.

Кәсіпорынның жұмысшыларымен өткен сұхбаттан соң Азат Перуашев цехтарды аралап, өнімдерімен танысты. Барша келген азаматтардың әсіресе Hyundai, атап айтсақ – SantaFe, Tucson және Accent көліктері аса қызығушылығын тудырды. Бұдан кейін зауыт қонақтары «АгромашХолдинг KZ» АҚ цехына барып, Essil брендіндегі комбайндар қалай құрастырылатынын өз көздерімен көрді.

            

«Сіздер бұрын соңды Қазақстанда болмаған өндірісті шығарып отырсыздар – бұл үлкен жетістік. Өз еңбектеріңізбен жаңа Қазақстанды құруға атсалысудасыздар. Ел экономикасының 10-20 жылдан соң қалай болатыны сіздерге байланысты. Мен әрбіріңізге өз алғысымды білдіргім келеді», - деп Перуашев зауыт ұжымына разылығын білдіре отырып, олардың импорттық автоөнеркәсіпке айтарлықтай бәсекелес бола алатынын атап өтті. Сондай-ақ депутат өткен жылы ең ірі институционалдық инвестормен маңызды келісімшарт жасасқанын айтып басшылықты құттықтады.

«Ақ жол» депутаттарының өңірлердегі сайлаушылармен кездесу іс-сапары жалғасуда.

 


Видео

15 ақпан 2019
"Бірінші студия". Кәсіпкерлік - ел дамуының тірегі. Студия қонағы - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" партиясының мүшесі Берік Дүйсембинов.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс