«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

06 ақпан 2019

Кәсіпкерлердің айтары бар – Депутат «Атамекен» ұлттық палатасының облыстық филиалымен кездесті
6 ақпан 2019 жыл, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы
Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова өзінің кезекті кездесуін «Атамекен» ҰКП Ақмола облыстық филиалында өткізді. Бұл жиынға прокуратура, антимонополиялық комитет, қоғамдық бірлестіктер, коммуналдық кәсіпорындар, кәсіпкерлер және монополиялық мекемелер өкілдері қатысты.

           
Халық қалаулысы Елбасының коммуналдық қызметте бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, негізсіз бағаны жоғарылатудың болмауын тексеру мәселесіне назар аударды. Өңірде жылу және су бағасында біршама тарифтің төмендегені байқалып, ал электр энергиясындағы бағаның өкінішке орай азаймай отырғаны әңгіме өзегіне айналды. Әсіресе, бизнестің адымын аштырмайтын тұстары тереңірек қозғалды.

            
Ішкі нарықты қамтамасыз ету, монополиялық мекемелердің негізсіз тарифтерді көтеруі және тағы басқа мәселелер жайлы ойлар ортаға салынды. Әсіресе, электр энергиясы, жылу және су бағасында тарифтердің бағасындағы негізсіз баға көтерудің бар  екендігі жөнінде мәселелер депутатпен өткір қойылып, монополияға қарсы комитет өкілдеріне сұрақтар қойылды. Прокуратура өкілдері аталған мәселеде тексерістердің жүргізіліп, электр энергиясы тарифі бойынша мәселе сотқа берілгенін атап көрсетті. Кездесу кезінде кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелермен де бөлісті. Оны шешудің жолдарын қарастырып, депутаттың да бұған бей-жай қарамауын өтініп сұрады.

           
Жалпы, бұл жолғы кездесу мазмұнды өтті. Кәсіпкерлер де Парламент өкілінің өздерімен еркін әңгіме құрып, пікір алмасқанына риза болып тарқасты.

           


Видео

22 сәуір 2019
22.04.2019. Талғат Ерғалиевтің жолдаған бейнеүндеуі.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс