«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

07 ақпан 2019

Депутат Қазбекова өңірлік кәсіпкерлермен кездесіп, олардың арыз-шағымдарын тыңдады
7 ақпан 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова «Атамекен» ҰКП Ақмола облыстық филиалы базасында өңірдің шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесіп, олардың арыз-шағымдарын тыңдады.

         
Дөңгелек үстел басындағы кездесу барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырған өзекті жайларды, әсіресе, билік органдарының негізсіз әрекеттерінен кәсіптерінің кері кетіп жатқанын тілге тиек етті. Атап айтқанда, қала бойынша онға жуық тұрмыстық қалдықтарды жинау бекеттерін ашқан кәсіпкер жергілікті қалалық әкімдіктің қоқыс контейнерлері мен арнайы ыдыстарды орналастыруға рұқсат бермей жатқанына шағымданды. Халық қалаулысы өз атынан облыстық және қалалық әкімдіктерге хат жіберілетінін, мәселені шешуге ықпал ететінін жеткізді.

         
Жиналыс барысында сөз алған бір топ кәсіпорын иелері теміржол желісіндегі сергелдеңге толы заңсыздықтарды депутаттың алдына жайып салды. Атап айтқанда, «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы тарапынан теміржолдың желісін пайдаланғаны үшін алынатын қаражаттың негізсіз мөлшерде өсіп кеткені әңгіме өзегіне айналды. Кәсіпкерлер тіпті егер жоғарыдағы акционерлік қоғаммен келісімшарт жасалмаса, вагондардың желіден жіберілмейтіні жөнінде ескерту жасалғанын атап өтті.
Халық қалаулысы бірден іске кірісіп, монополияға қарсы комитет өкіліне хабарласып, әрі кәсіпорын иелерінің жиын барысында қойылған сұрақтарын депутат атынан Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына жолдауға кеңес берді.

         
Ал, Сандықтау ауданынан келген «Ақбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы орман шаруашылығында тендерді ұтып алып, ағаш өңдеу және өсіру жұмыстарымен айналысып жатқанын, бірақ соңғы кезде билік тарапынан келісімшартты бұзуға ниеттеніп жатқаны туралы шағымданды. Депутат бұл мәселеде де прокуратураға хат жазу қажеттігін алға тартып, сондай-ақ барлық кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлықпен күресте ең алдымен жариялылыққа мән беру қажеттігін атап көрсетті.
Жалпы кездесу ашық диалог түрінде өтіп, барлық бизнес өкілдері көкейінде жүрген күрделі мәселелерін депутатқа қойып, оған тұшымды жауап алғанын атап өткен жөн.
 


Видео

18 сәуір 2019

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс