«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

07 ақпан 2019

Мәжіліс депутаты «ГорМолЗавод» сүт зауытында болды
7 ақпан 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы
Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекованың өңірдегі сапарының келесі нысаны жергілікті «ГорМолЗавод» сүт зауыты болды.

           
Балалық шақтың бал дәмі болып көптің есінде қалған Көкшенің тіл үйірер балмұздағымен танымал бұл зауыттың тарихы тереңге кеткен. Тоқсаныншы жылдары біршама тоқырауды бастан кешірсе де, тығырықтан жол тауып нарыққа төтеп берген өңірдегі санаулы кәсіпорындар қатарынан көрінді.

           
Аталған зауыттың өндіріс көлемі жылдан-жылға ұлғайып халықтың сұраныс көлемін қанағаттандырып келеді. Атап айтқанда, осы жылдың соңынан бастап кептірілген ірімшіктің жаңа желісі іске қосылған. Өткен жылдың соңында Елбасының қолынан «Алтын сапа» құрметті атағын «Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорны» аталымында жеңіп алған кәсіпорынның болашағы жарқын болатынына сенім мол. Өйткені, зауытта сүт өндірісі толығымен жаңа технологиямен жүзеге асырылуда. Таза табиғи шикізатты өз фермаларынан алатын зауыттың алға қойған жоспарлары жуық арада орындалатынына сенім мол.

           
Депутат зауыттың тыныс-тіршілігіне жоғары баға беріп, зауыт директоры Әсен Жақсылықовтың жұмысына табыс тіледі.

 


Видео

05 шілде 2019

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс