«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

11 ақпан 2019

Азат Перуашев Мәдениет және спорт министрлігі өткізген «Жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі» IT- тұсаукесер рәсіміне қатысты
11 ақпан 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі» IT-тұсаукесер рәсімін өткізді. «Astana Hub» халықаралық технопарк алаңында өткен жаңа IT-жобалардың ресми тұсаукесеріне қоғам қайраткерлері, жазушылар, тіл мамандары, әдіскерлер және Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев қатысты.

         
Таныстырылым барысында ҚР МСМ Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы латын негізді қазақ әліпбиін үйретуге бағытталған заманауи инновациялық технологиялар ұсынды.

           
Сонымен қатар, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның тұлғалық энциклопедиясы, сондай-ақ Е.Омарұлы, Ә.Қайдар, Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев сынды ғылым қайраткерлерінің ғылыми-танымдық еңбектері, Ә.Жүнісбектің «Қазақ тіл білімінің мәселелері», З.Күзекованың қазақ тілін оқытуға арналған деңгейлік оқулықтары, белгілі полиглот Д.Петровтың әдістемесіменқазақ және ағылшын тілдерін үйретуге арналған оқу құралдары таныстырылды.

            
«Бізге Алаш институтының Диқан Қамзабекұлы, Сұлтан-Хан Аққұлыұлы бастаған жетекшілері мен ғалымдары Әлихан Бөкейханның және басқа да Алаш қайраткерлерінің еңбектерін жинап, баспадан шығарсақ па деп ұсыныс жасаған еді. Осы орайда, біз үкіметке бірнеше депутаттық сауалдарды жолдадық. Мәдениет министрлігіне ұсныныс жасадық. Бұл – мемлекеттік маңызы бар, мәні бар бастама. Нәтижесінде, міне, Мәдениет және спорт министрінің, сондай-ақ Қаржы министрлігінің  қолдауымен бұл кітаптар жарыққа шықты. Меніңше, бұл да бір үлкен жетістік. Себебі, бұлар – Тәуелсіздігіміздің алғашқы қарлығашы деп айтсақ болады», - деп атап өтті тұсаукесерде сөз сөйлеген депутат Азат Перуашев.

         
Келген қонақтар мен қатысушыларға веб-порталдар мен платформалар, мобильді қосымшалар, іздестіру жүйелері, анимациялық фильмдер, энциклопедиялық, танымдық веб-сервистер көрсетілді.

 

 


Видео

22 сәуір 2019
22.04.2019. Талғат Ерғалиевтің жолдаған бейнеүндеуі.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс