«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

06 наурыз 2019

Түркістанда төраға сайланды

2019 жылдың 2 наурызында Түркістан қаласында "Aқ жол" Демократиялық партиясының облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы болып өтті.

          

Конференцияға "Ақ жол" ҚДП төрағасы А.Перуашев, Мəжіліс депутаты Б.Дүйсенбинов, партия төрағасының орынбасары Қазбек Иса, Орталық Кеңестің хатшысы Ә. Сұлтанов, Партияның Орталық аппаратының ревизиялық қадағалау комиссиясының төрағасы Б.Өтепбаев, "Ақ жол" ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы А.Абжанов қатысты. Сонымен қатар, конференция жұмысына Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы А.Садықов мен Қызылорда облысының төрағасы Прманов Жорабек те қатысты.

         

Конференцияға Түркістан облысының аудандары мен Шымкент қаласынан 300  делегат қатысты. Конференцияда екі мəселе қаралды. Олар: 1) 2018 жылдың 13 желтоқсанында Астана қаласында өткен партияның ХlVсъезінің Түркістан облыстық партия филиалын құру туралы шешімін орындау; 2)Түркістан облыстық филиалының төрағасын және кеңес мүшелерін сайлау.

         

Конференция қорытындысы бойынша Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып кәсіпкер Абишев Қаныбек Алмаханұлы, кеңес мүшелері болып 25 адам сайланды. Конференция соңында  А.Перуашев пен Б.Дүйсенбинов Мәжіліс депутаттары  ретінде жұртшылықтың берген сауалдарына тұжырымды жауаптарын берді. Соның ішінде Азат Перуашев Елбасының жуырда ғана көпбалалы аналарға қолдау жөніндегі тапсырмасына кеңірек тоқталды. Түсіндірді. Конференцияға қатысқан көпбалалы аналардың сауалдарына жауап қайтарды.

           
           
          

 Түркістан облысы «Ақ жол» партиясы филиалы төрағасының өмірбаяны:

          


              АБИШЕВ ҚАНЫБЕК АЛМАХАНҰЛЫ
 ​

Туған жылы және жері:

21 желтоқсан 1972 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Октябрдін 50 жылдығы совхозында дүниеге​ келген.

​Білімі:

1990 жылы – Шардара ауданы, Юбелейный орта мектебі түлегі,​

2003 жылы​ –​ Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Инженер – металург" мамандығы бойынша бітірген.​

2016 жылы​ -​ Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін​ «Экономика»​ мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

1990-1991​ жылдары Шымкент қаласы қорғасын зауытында ағаш ұстасы мамандығы бойынша жұмыс атқарған.

1997-1999 жылдары Шымкент қаласы «Батсу» ЖШС ​​жеткізуші мамандығы бойынша жұмыс атқарған.

2000-2001 жылдары «Батсу» ЖШС қыш зауыты директоры қызметін атқарған.

2001-2003 жылдары «Энергосбыт» ЖШС директоры қызметін атқарған.

2003-2007 жылдары «Батсу Агро» ЖШС директоры қызметін атқарған.

2007 жылдан осы уақытқа дейін «Ордабек» ЖШС директоры қызметін атқаруда.

Отбасылық жағдайы

Үйленген, 1- ұл, 3- қыз өсіруде.

 

 


Видео

23 мамыр 2019
Азат Перуашев о запрете шествия «Алашка тагзым», задержаниях активистов и законопроекте «О парламентской оппозиции»

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс