«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

19 наурыз 2019

Астанада Әлихан Бөкейхан музейі ашылды
19 наурыз 2019 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
18 наурыз күні Астана қаласындағы №76 мектеп-лицейінің ішінен ұлт көсемі, Алаш Орда қозғалысының қайраткері Әлихан Бөкейханға арналған музей ашылды.

           
Музейдің салтанатты ашылу рәсіміне ғалым әрі Әлиханның ұрпағы Ортай Әбдірахманов ақсақал, белгілі алаштанушы ғалымдар – профессор Тұрсын Жұртбай, әлихантанушы Сұлтан Хан Аққұлы, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы және «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов, сондай-ақ ата-аналар мен оқушылар қатысты.

           
Ғалым Сұлтан Хан Аққұлы өзінің сөйлеген сөзінде бұл Әлиханның құрметіне ресми түрде ашылған тұңғыш мұражай екенін айтып өтті.
Жаңадан ашылған мұражайда Алаштың ардақты азаматының портреті, қайраткерлік кезеңдерін көрсететін құжаттық деректері бар арнайы стендтер қойылған.

           
Сонымен қатар, алаштанушы ғалымдар Абай, Алаш, Әлихан, Шәкәрім, Мағжан атындағы дәрісханаларда сабақ өткізді. Ал, мектептің бастауыш сынып оқушылары Алаш тақырыбында мәнерлеп өлеңдер оқыды.

 


Видео

21 маусым 2019
Перуашев чиновникам: Хотите шиковать - идите в бизнес!

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс