«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

10 сәуір 2019

«Ақ жол» алғысын білдірді – «Егемен Қазақстан» газеті

10.04.2019жыл.

https://egemen.kz/article

 

«Ақ жол» демократиялық партиясы Орталық кеңесінің төралқасы мен партияның Мәжілістегі фракциясының бірлескен отырысында либералдық құндылықтарды сақтағаны үшін Президент Қ.Тоқаевқа партия төрағасы А.Перуашев өзінің ризашылығын білдірді.

            

Отырысқа қатысқан барлық «ақжолдықтар» Мемлекет басшы­сының кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімін қолдайтындарын білдірді. «Қ.Тоқаевтың кезектен тыс сайлау өткізу туралы Үндеуі белсенді қоғамдық аренадан ашық айтылды. Әрине ол өзінің қызметінде келесі сайлау мерзімі келгенге дейін отыра беруіне болатын еді. Бұл барлық елдерде болатын дәстүрлі норма. Соған қарамай Президент кезектен тыс жалпыхалықтық сайлау өткізу туралы шешім қабылдап отыр және оның ашық, әділетті өтетініне кепілдік берді. Осы шешімі үшін біздің демократиялық партиямыз оған ризашылығын білдіреді», деді өзінің сөзінде А.Перуашев.

Сонымен бірге отырыста кезектен тыс президенттік сайлауға «Ақ жолдың» түсуі және үміткерді анықтауы партия съезінің құзы­ре­тіндегі мәселе екендігі айтылды. Демократияның қағидаттарына сәйкес кез келген делегат өзінің кандидатурасын президенттікке үміткер ретінде ұсына алады. Одан әрі партия көшбасшысы қайсы үміткердің жеңетінін съезд анықтайды деген пікірлерін ортаға салды.

Осыған байланысты делегаттарды сайлау және оларды ұсыну нормаларын анықтау үшін партияның Орталық кеңесі алдымыздағы сенбі, 13 сәуір күні пленум өткізу туралы шешім қабылдады.

 

Дереккөз: https://egemen.kz/article

 


Видео

18 сәуір 2019

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс