«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

03 мамыр 2019

Меруерт Қазбекова қорғалжындық кәсіпкерлермен кездесті

3 мамыр 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы

Ақмола облысында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекованың жұмыс сапары жалғасуда. Халық қалаулысының кезекті сапары Қорғалжын ауданында болды. Мәжіліс депутаты өңірдегі шаруашылықтың серіктестік өкілдерімен және жеке кәсіпкерлермен кездесті.

         

Мәжіліс депутаты алдымен Қорғалжын ауданына жаңадан әкім болып тағайындалған Берік Жанбаевпен кездесіп, алдағы жауапкершілігі мол жұмыста сәттілік пен табыс тіледі. Осыдан кейін депутат «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өңірдегі кәсібінен нәсіп тауып отырған кәсіпкерлермен жүздесті.

Бизнес саласындағы еліміздегі оң өзгерістер әңгіме арқауына айналған отырыста халық қалаулысы мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлікті дамытуға зор көңіл бөлініп отырғанын тілге тиек етті. Әсіресе, ауыл шаруашылығын өркендетуге елеулі көмектің берілетіні, мемлекеттік бағдарламаларды тиісті түрде игеру жайын айтты. Өз кезегінде кәсіпкер азаматтар депутатқа көкейде жүрген түйткілді мәселелер жөнінде әңгіме қозғап, аталған мәселелердің Парламент қабырғасында қозғауына түрткі болуын сұрады.

          

Сондай-ақ, кәсіпкерлер өңірдегі бизнестің адымын аштырмайтын өткелдер жайында ойларын білдіріп, саланы өзгертуге заң жағынан ұсыныстар енгізу туралы ойларын жеткізді.

Кәсіпкерлердің бірқатарының айтқан шаруалары сол жерде шешімін тапса, көпшілігі депутаттың алдағы жұмыс жоспарына енгізілетін болды.

 


Видео

20 мамыр 2019
Дания Еспаеваның сайлауалды штабы Маңғыстау облысының халқымен кездесті

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс