«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

15 мамыр 2019

Бизнесті рейдерлік басып алуға кімдер қатысады - "inform.kz"

15.09.2019
https://www.inform.kz/kz/biznesti-reyderlik-basyp-aluga-kimder-katysady_a3526549

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова бизнесті қорғау бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде түрлі себептермен бизнесін тартып алуға байланысты арам пиғылды шенеуніктердің заңсыз іс-қимылдарына кәсіпкерлер шағымдануда. Өткен жылдары рейдерлік әрекеттерге ірі және табысы жоғары кәсіпорындар тап болса, қазіргі кезде шағын және орта бизнес кәсіпорындарына да қызығушылық пайда болуда», - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында. 
       Оның сөзіне қарағанда, «қара рейдерлік» жағдайлар көбейіп келеді, яғни заңнаманы бұза отырып, кәсіпорын жұмысына арам пиғылды шенеуніктердің араласуы орын алуда. Осы орайда бизнесті тартып алудың түрлі тәсілдері қолданылады. 

Депутат 2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев рейдерлікке қарсы заңды әзірлеуді тапсырғанын атап өтті. 

       «Бұл тұрғыда «Ақ жол» партиясының фракциясы Елбасының аталған тапсырамасын ескеріп, бизнесті рейдерлік басып алуға қарсы іс-қимыл  бойынша заңды даярлауға тиісті қадам жасау қажет деп санайды», - деді М. Қазбекова.


Видео

05 шілде 2019

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс