«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

15 мамыр 2019

Орал қаласында «Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның штабы жас сайлаушылармен кездесті

15 мамыр 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

 Орал қаласында «Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның штабының жас сайлаушылармен кездесуі өтті. «Зенит» мәдениет үйінде 350-ге тарта Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті, М. Өтемісұлы ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері жиналды.

Кездесу Серік Мерғалиев бастаған аймақтық штаб өкілдерінің ұйымдастыруымен өтті. Сондай-ақ шараға «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының белсенділері, кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері қатысты.

Сайлаушылар алдында Дания Еспаеваның сенімді өкілдері сөз сөйледі. Олар үміткердің сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары мен тұстары жайында сөз қозғады.

Партияның облыстық филиалының жетекшісі Серік Мерғалиев бағдарламаның «Тұрақты дамудың негізі – бәсекелестік пен  жаппай кәсіпкерлік» атты бөліміне тоқталып өтсе; «Қайраткер» қоғамдық қорының Президенті, тарих ғылымдарының докторы Дәметкен Сүлейменова тыңдаушыларды «Ұлттық тәуелсіздік» бағытымен таныстырды.

Жиналған қауым бизнесті қолдау, адал бәсекелестік, бизнестегі жемқорлық мәселесі, әлеуметтік проблемалар тақырыптарында өздерін қызықтырған сұрақтар қойды.

Штаб мүшелері қойылған сұрақтарға жауаптарын беріп, жастарды сайлауда дауыс беруге шақырды.

Іс-шара қазақстандық танымал әнші Марат Сарбөпеевтің «Туған жер» әнін орындауымен аяқталды.

«Ақ жол» партиясынан ҚР Президентігіне үміткер Дания Еспаеваның үгіт науқаны жалғасуда.


Видео

05 шілде 2019

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс