«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

27 мамыр 2019

Президенттікке үміткер Дания Еспаева мен сайлауалды штаб жетекшісі Азат Перуашев жас сайлаушылармен кездесті

27 мамыр 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Астана қалалық филиалы

Президенттікке үміткер Дания Еспаева мен сайлауалды штаб жетекшісі Азат Перуашев Нұр-Сұлтан қаласындағы гуманитарлық-заң колледжінд жас сайлаушылармен кездесті. Оқытушылар мен студенттер үміткердің сайлауалды бағдарламасымен танысты.

Колледжде заңгер, аудармашы, мұғалім мамандықтары бойынша барлығы бес жүздей шәкірт тәлім алады. Оқу орны былтырдан ғана бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешелерін оқыта бастаған. Оған мемлекет екі жүздей шәкіртақы бөлген болатын. Дания Еспаеваға кадр жетіспеушілігін шешу үшін шәкіртақы санын 270-ке көбейту көзделгенін айтты. Студенттер арасында басқа қаладан келіп оқитындар саны аз болмағанымен, хостелдегі тегін орындар саны 30 адамға ғана есептелген. Келер жылдары өзге қалалықтарды қамтитын жатақхана салу жоспарланып отыр.

Дания Еспаевамен өткен кездесуде жастар өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Ол тұрғын үймен қамтамасыз ету, жолақының қымбаттылығы, жұмыспен қамтамасыз ету сынды мәселелер.

«Маған жастардың сұрақтарды ашық қоятыны ұнады. Жастардың саяси сауаттылығы да қуантып отыр. Олар менен не себепті сайлауға қатысып отырғанымды және әйел адамның Президент болуы қаншалықты мүмкін екенін сұрады. Әрине, мен оған өз жауабымды бердім, - деді Дания Еспаева. – Бірақ жастардың, студенттердің елдегі саяси ахуалға, келе жатқан Президент сайлауына көңіл бөлуі қуантарлық дүние».

«Ақ жол» партиясының үміткері болашақ заңгерлерге заңгерлік мамандықтан бөлек экономикалық білім алуға кеңес берді. Студенттер мен оқытушыларды бағдарламадағы бизнесті қолдау бастамалары қызықтырды. Айта кетейік, үміткер өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қосымша құн салық мөлшерлемесін төмендетіп, несиені қолжетімді етуді ұсынып отыр.

«Ақ жол» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның Республикалық штабының үгіт науқаны жалғасуда – таяу күндері үміткер мен оның штаб өкілдері Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы кездесулерін өткізеді.


Видео

21 маусым 2019
Перуашев чиновникам: Хотите шиковать - идите в бизнес!

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс