«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

31 мамыр 2019

«Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның штабы «Алашқа тағзым» акциясын өткізді

31 мамыр 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның штабы «Алашқа тағзым» акциясын өткізді. Партия басшылығы, «Ақ жол» партиясының депутаттары, үміткердің сенімді өкілдері «Алаш» қайраткерлері мен қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларының портреттерімен репрессия құрбандарының  ескерткішіне барады.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Ақ жол» акциясы «Алжир» мемориалды кешені мен аштық құрбандарының ескерткішінің алдында өтті.

Отан сатқындарының әйелдерінің Ақмола лагерінде 18 мыңнан астам әйел болған. Олардың көбі лагерьдің ауыр зардабына шыдай алмай, сол жерде қайтыс болған.

Мыңдаған қазақстандықтардың өмірін қиған репрессия «ақжолдықтардың» да отбасын айналып өтпеді. «Алаш» идеясына үгіттегендердің арасында  «Алаш» идеясы бойынша Ақмола облысының көшбасшысы Барлыбай Нұралин, ұстаз Перуаш Кәрімұлы, Қошке Кемеңгерұлы және т.б. бар.

«Алашқа тағзым» акциясы – аштық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына деген құрмет. Бұл тұтас халықтың үлкен трагедиясы, - деді «Алаштың» жетекшілерінің бірі Райымжан Мәрсековтың туысы Берік Дүйсембинов. – Қанша қазақтың тағдыры қиылғанын нақты айту қиын. Қайтыс болғандардың көбінің не аты-жөні, не ұрпағы да қалған жоқ. Біз заманауи, озық, демократиялық мемлекет құрумыз керек. Ол біздің ата-бабалар  алдындағы парызымыз. Біз Тұңғыш Президентімізге 1997 жылы Құрмет күнін бекіткені үшін алғысымызды айтамыз».

«Ақ жолдың» акциясы аштық құрбандары ескерткіші алдында жалғасты. Кейбір БАҚ өкілдеріне сенсек, 30 жылдары аштық пен оның салдарынан қазақ халқының үштен бірі қаза болған. «Алаш» көшбасшысы Әлихан Бөкейханның дерегінше, аштықтың салдарынан 1924 жылғы 6,47 млн қазақтан 1937 жылы 2,1 млн қазақ қана қалған.

«Алаштың» арқасында Қазақстан қазіргі шекарасын сақтап қалып отыр. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Ермекұлы сынды азаматтар қазаққа тиесілі Қазақстанның шекарасын белгіледі. Біз өз қаһармандарымызды білуіміз керек. Үкіметтің Репрессия жылдарындағы қазақ элитасының жоюы – бүкіл халықтың трагедиясы. Үміткеріміз Дания Еспаева өз бағдарламасында тәуелсіздік, Қазақстанның ұлттық құндылықтарына құрмет мәселелеріне аса назар аударған. Біз тарихымыздың қайғылы оқиғаларын жадымызда ұстап, болашаққа қадам жасауымыз керек. Бүгін осы жерге көптеген жастар жиналып отыр, бұл – қуантарлық дүние», - деді «ақжолдық» Әзиз Қожамбетов.

«Ақжолдықтар» мемориал алдына гүл қойып, елінің азаттығы үшін қаза тапқан бабалардың ауағына құран бағыштады.


Видео

21 маусым 2019
Перуашев чиновникам: Хотите шиковать - идите в бизнес!

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс