«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

05 маусым 2019

Аналар Дания Еспаевадан араша сұрады

Қазақстан Республикасын Президенттігіне кандидат Дания Еспаева «Astana TV» арнасы журналистерінің өтінішімен қиын жағдайға душар болған көпбалалы ана Ақбаян Жалмұрзаевамен кездесті.

Ақбаян күйеуі отбасын тастап кеткеннен кейін, балаларын асырап бағу үшін өз нәпақасын табуға кіріскенін айтты. Салынып жатқан дүңгіршектің иесіне сеніп, сауда орнын жалға алу үшін 700 мың теңгеден аса қаржысын төлеген. Оның алғашқы 340 мың теңгесін банк картасы арқылы төлесе, қалған екеуін қолма-қол берген. Бірақ құрылыс аяқталған соң, дүкен иесі «ақшасын төлемедің» деп, әйелді тауарларымен бірге күштеп шығарып тастаған.

Ақшасы қалмаған ана жекеменшік жатақханадағы бөлмесінің ақысын төлей алмаған. Бұған жатақхана иесі (Сырымбет көш., 7) кепілдікке әйелі мен мен балаларының киімдері мен заттарын алып, бейшараны қуып шығарады.

Кішкентай 4 баласымен далада қалған ана қолдан шатыр құрады. Қазір жаңбыр мен желге қарамастан сол жұқа шатырдың ішінде тұруға мәжбүр болып отыр. Алғашқы түні-ақ балаларға суық тиіп, ауырып қалған. Ана тым болмағанда төмен ақыдағы 10 метр жатақхандағы бөлме беруін сұрап отыр. Көпбалалы отбасы әкімдікте баспана алу кезегінде тұрғанымен, оны жақын арада алмайды.

Ақбаян әкімдікке де, кезекші учаскелік полиция қызметкеріне де арызын айтқанымен, одан жауап ала алған жоқ. Дүкен иесі әкімдікте «өзінің адамдары» бар екенін айтқан, бұны әкімдіктің қозғалыссыз отырғанынан да көруге болады.

Ақбаянның жанында оны қолдауға келген тағы бір көпбалалы ана бар – Жанар Бидайбекова. 5 жыл бұрын оның 3 баласы отта өртеніп қайтыс болады. Балаларының мүрдесін көрген күйеуінің жүрек талмасы ұстап, ол да қайтыс болады. Кезіндегі үлкен бір шаңырақтан 2 баласы мен 4 қазасы туралы анықтама қалып отыр. Трагдеиядан соң әкімдік оған жатақханадан бөлме берген. Енді Жанар Ақбаянға көмектесуді сұрап отыр.

Осыған байланысты, Дания Еспаева еліміздің Бас прокуроры мен Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне ресми сауал жолдап, көпбалалы аналардың заңды құқықтарын қорғауды талап етті.


Видео

05 шілде 2019

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс