«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

05 маусым 2019

5 маусымда «Ақ жол» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның штабы Ашық есік күнін өткізді

5 маусым 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

5 маусым ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның штабы Ашық есік күнін өткізді. Шараны штаб офисінде үміткер Дания Еспаева, партия төрағасы Азат Перуашев, парламенттік фракцияның депутаттары ресейлік журналистер делегациясын қабылдады. Сонымен қатар азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдау да бүгін өтті.

Тұңғыш әйел үміткермен кездесуге Ресей жетекші масс-медиасының жиырма шақты журналист тілек білдірді. Брифингте журналистер түрлі сұрақтарын қойды. Оларды сайлауалды бағдарлама, Дания Еспаеваның алдағы сайлаудағы үміті, жеңіске жеткен жағдайдағы саясат жолындағы алдағы жоспарлары қызықтырды. Үміткер әйел адамның сайлануы – тек Қазақстан емес, Орталық Азия елдері үшін қоғамды демократияландыру мен әйел рөлінің нығаюы жолында  маңызды қадамы екенін атап өтті.

«Менің сайлауға қатысуым – мен үшін жауапты қадам. Әйел адамның елді басқаруы – Қазақстан еліне ерекше көрінуі мүмкін.  Сайлаушылар менің сайлауалды науқаныма үлкен қызығушылық білдіруе. Мен мұны жақсылыққа балаймын. Бүгінгі таңда еліміздегі халықтың 52%-ы – әйел адамдар, сол үшін әрбір кездесуде сол себепті мен олардан қолдау күтемін. Дегенмен мені қолдап жүрген тек әйел қауымы емес –жастар, ер адамдар. Әрбір аймақта менің сайлауалды бағдарламаммен танысқан соң, сайлаушылар келіп «Біз сізді қолдаймыз» деп айтады», - деді өз сөзінде Дания Еспаева.

Үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын журналистерге толыққанды таныстырды.

Бұл күні жеке азаматтардың өтініші бойынша қабылдау да өтті. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары банк несиесі, баспананы жекешелендіру, жер мәселелері бойынша сұрақтарын жолдады. Әрбір өтініш үміткердің және «Ақ жол» партиясының депуттаттарының бақылауына алынды.

Дания Еспаеваның үгіт науқаны жұмысы жалғасуда.


Видео

05 шілде 2019

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс