«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

13 маусым 2019

Азат Перуашев сайлауда болған бұзушылықтарды мұқият тексеруді және кінәлілерді жауапкершілікке тартуды ұсынды

13 маусым 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

 

Азат Перуашев ҚР Президенттік сайлаудың нәтижелері жөніндегі Демократиялық күштердің «Қазақстан - 2050» Жалпыұлттық коалициясының отырысында сайлауда болған бұзушылықтарды мұқият тексеруді және кінәлілерді жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Ол сайлау басталмас бұрын, Қасым-Жомарт Тоқаевтан «Ақ жол» партиясы атынан сайлаудыңәділ және ашық өтуіне кепілдік сұрағанын айтып, өз кезегінде ел президентінің сол кепілдікті беріп, орталық сайлау комиссиясына және жергілікті мемлекеттік органдарға да тиісті тапсырмасын бергенін айтты. Алайда, әлеуметтік желілердегі студенттерді шараларға қатысуға мәжбүрлеу, дайын бюллетендерді тастау сияқты түрлі заң бұзушылықтар көрсетілген видеолар керісінше жағдайдың туындағанын дәлелдеп отыр.

Перуашевтың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясының небәрі 19 заң бұзушылықты тіркегенімен, ОБСЕ бақылаушылары ресми Есепте тек заңсыз бюллетендердің өзі 42 сайлау учаскеде тастағанын байқаған.

«Егер әдеттегідей, көптеген заң бұзушылықтар бақылаушылардың назарынан тыс қалғанын ескерсек, мұндай фактілер бірнеше есе көп деп санауға болады. Әрине, 10 мың учаскенің 42 учаскісіндегі заң бұзушылық көп емес. Дегенмен, біздің ойымызша, Орталық сайлау комиссиясы тек ресми арыздарды ғана емес, фальсификациялар туралы барлық ақпаратты қарастыруы тиіс», - деді Перуашев.

Ол жауапты органдардың заң бұзушылықтарын түсіндіруіндегі  «бұл басқа мектепте тіркелген» немесе «біздің «ұлттық менталитетіміз» осындай» сынды сылтаулары – бұзушылықтарды ақтаумен бірдей екенін жеткізді.

Партия төрағасы орын алған заң бұзушылықтардың барлығына мұқият тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға шақыру керектігін мәлімдеді.


Видео

21 маусым 2019
Перуашев чиновникам: Хотите шиковать - идите в бизнес!

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс