«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

03 шілде 2019

«Ақ жол» бизнесті жаңа рейдерлік тәсілдерден қорғауды талап етеді

3 шілде 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» бизнесті жаңа рейдерлік тәсілдерден қорғауды талап етеді – Азат Перуашев ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрі және Бас Прокурорға хат жолдады.

2018 жылдың 16 мамыры мен 20 маусымы күндері «Ақ жол» фракциясы салық органдарының бизнес құрылтайшылардың субсидиялық жауапкершілігі туралы нормаларын бұрыс пайымдауына байланысты Үкіметке екі депутаттық сауал жолдаған болатын. Кәсіпкерлердің айтуынша, салық қызметкерлері жарғының «құрылтайшылар кәсіпорынның міндетті қарызына жауап бермейді» делінген тармағына қарамастан  құрылтайшыларға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қарыздарына байланысты талаптарын қойып келеді.

Сөйтсек, министрліктің бекітуімен ондаған жылдар бойы ЖШС типтік жарғысындағы ЖШС міндетті қарызы бойынша құрылтайшылардың жауапкершілігі туралы нормасын мемлекеттік органдар тыныш әрі білдірмей алып тастаған. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің шектеусіз қуғындалуына жол ашты.

Сол себепті, «Ақ жол» фракциясы аталмыш депутаттық сауалдарды жіберіп қана қоймай, БАҚ беттеріне әшкерелеу материалдарын шығарды (Бинесті тонау емес, оған көмектесу керек – «Время газеті», 2018 жылдың 25 маусымы, https://time.kz/articles/ugol/2018/06/25/biznesu-nado-pomogat-a-ne-obdirat, және т.б.).

Бұдан кейін, салық қызметкерлері ЖШС қарыздарын құрылтайшыларға төлету үшін «Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасына осындай түзету енгізіп, заңдастыруға тырысқан еді, дегенмен бұл әрекеттері жүзеге асқан жоқ.

Осы жылдың 29 мамырында Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин пленарлық отырыста бұл түзетудің «Қазақстанда бизнесті жүргізу негіздеріне қауіп төндіретіндігін» айтты. Қазіргі заңнамаға сәйкес, ЖШС мен АҚ мүшелері кредиторлар алдында тек жарғылық қордағы өз салымы шегінде ғана жауапты. 

Н.Нығматуллин Қаржы министрінің бірінші орынбасары Б. Шолпанқұловқа «Сіздер ұсынған нормаларды қабылдар болсақ, адамдар тек мүшелігі үшін жарғылық капиталға салғанын ғана емес, барлық дүние-мүлкінен айырылатынын білгендіктен  бизнес жүргізуге қорқатын болар еді», – деген. Мұны және болған пікірталастарды бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен жариялаған болатын. 

Осылайша Мәжіліс депутаттары заң шеңберінде кәсіпкерлердің мүддесін және еліміздің бизнес белсенділігін қорғап қалды.

Дегенмен, салық органдарының арам ниетті қызметкерлері кәсіпорын құрылтайшыларына міндетті қарыздарын заңсыз, өрескел түрде ілуге тырысуды тоқтатқан жоқ.

«Біздің ойымызша, заң талаптарын ескерсек, мұндай әрекеттердің болуы не жемқорлық сипатта, не рейдерлік тәсілмен байланысты», – дейді  «Ақ жол».

Атап айтсақ, «Ақ жол» фракциясының депутаттарына 2016 жылға дейін «ҚазГерСтрой» ЖШС-нің 33,3% үлесін иемденген Р.Шумахер есімді кәсіпкер өтініш білдірді. Аталмыш ЖШС 2014-2016 жылдары Астана-Қарағанды автожолын салумен айналысқан. 2016 жылы Р.Шумахер өз үлесін ЖШС-тің басқа құрылтайшыларына сатып жіберіп, бизнестен кеткен. Бірақ 2017 ж. Астана қаласының (Қазір Нұр-Сұлтан қаласы) «Алматы» аудандық салық қызметі «ҚазГерСтрой» ЖШС-нің жолды салу барысында  қиыршық тасты пайдаланды деп, жеке кәсіпкердің өзіне 267 млн теңгеге талап-арыз берген. Дей тұрғанмен ЖШС уақытша жер қойнауын пайдалану құқығын тиісті тәртіпте алып, сақтағаны анықталды.

«Бірақ құқық бұзушылық болғанның өзінде – наразылықты (267 млн тг) әлі де жұмысын жалғастырып жатқан серіктестіктің өзіне беру керек етін. Ал егер оларды құрылтайшыларға берсе (мұның өзі жұмысы тоқтамаған бизнес үшін заңсыз) – онда бизнестен шығып, миноритарлық үлеске ие адамға емес, үлес мөлшерінің сәйкесінше барлық құрылтайшыларға беру қажет.

Мұндай наразылықтың орын алуында салық органдары қызметкерлерінің нақты бір кәсіпкердің заңды құқықтарын қасақана бұзуға бағытталған мақсатты әрекеттерінен басқа не логика, не заңдық негіз жоқ», – делінеді А.Перуашевтің хатында.

Осыған орай, «Ақ жол» фракциясы уәкілетті органдардан кәсіпкерді қорғауға байланысты шұғыл шаралардың қабылдануын және заңсыз қудалаудың ұйымдастырушыларын анықтап, оларды жауапкершілікке тартуды сұрайды.


Видео

05 шілде 2019

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс