«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Аймақ - жаңалықтары

15 шілде 2019

Ақмола облыстық филиалдың бастамасымен көп балалы аналарға кеңес берілді

15 шілде 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалының бастамасымен көп балалы аналарға ақыл-кеңес беру мақсатында арнайы семинар жиыны өтті. Семинарды кіріспе сөзбен ашқан филиал төрағасы Бақыт Смағұл елімізде аса өзекті болып отырған көп балалы аналар мәселесі жөнінде ойларын ортаға салып, шара барысында қозғалатын жайларды атап өтті. Шараға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Ақмола облыстық филиалының маманы Әсет Боранбаев, Көкшетау қаласының жұмыспен қамту орталығының кеңесшісі Арнагүл Достахина, көп балалы аналар, демеушілер мен қалалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинар барысында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының маманы Әсет Боранбаев мемлекеттік тапсырыс арқылы іске қосылғалы отырған «Бақытты отбасы» арнайы бағдарламасы жөнінде тілге тиек етті. Аталған бағдарлама көп балалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың баспаналы болуына септігін тигізетінін жеткізген банк маманы жуық арада банк 2 пайыздық несиемен пәтер берудің назарға алынғанына тоқталып өтті. Бұл мақсатқа мемлекет тарапынан 50 миллиард теңге бөлінбек. Бағдарлама ережесіне сәйкес айлық жалақысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (42500 теңге) аз кірісі бар көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе толық емес отбасылар 10 миллион теңгеге дейінгі сомадағы жаңадан салынған немесе қайталама нарықтағы үй алуға мүмкіндік алады. Ол үшін жинақ депозитінде алуға ниетті баспананың он пайызы болуға тиіс екенін жеткізген банк қызметкері алдағы уақытта аталған бағдарлама шеңберінде көптеген адамдардың баспаналы боларын атап көрсетті. Сондай-ақ, семинар барысында жұмыспен қамту орталығының маманы Арнагүл Достахина сәуірдің бірінен бастап беріле бастаған атаулы әлеуметтік көмектің жай-жапсарына тоқталып өтті. Аталған әлеуметтік жәрдемақы отбасының асыраушысының жалақысы әрбір отбасы мүшесіне шаққанда 21 мың теңгеден аспауы тиістігін жеткізген маман аталған көмектің беру шарттарын толығырақ әңгімелеп берді.

Өз кезегінде көп балалы аналар тұрғын үй құрылыс жинақ банкі маманына және халықты жұмыспен қамту орталығының кеңесшісіне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып оған тұшымды жауап алды.  Жиын соңында облыстық филиалдың төрағасы көпбалалы аналарға сыйлық сыйлады.

 


Видео

05 шілде 2019

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс