«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

08 тамыз 2019

«Ақ жол» партиясы Президенттің Ұлттық қор активтерінің бір бөлігін алтынға ауыстыру туралы шешімін қолдайды

8 тамыз 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясы Президенттің Ұлттық қор активтерінің бір бөлігін алтынға ауыстыру туралы шешімін қолдайды – бұл туралы партия төрағасы Азат Перуашев мәлімдеді.

Алдыңғы күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті жарлыққа қол қойғаны баршаңызға мәлім – енді Ұлттық қордың жинақтаушы активтеріндегі алтынның үлесі 5%-ға дейін жетеді.

«Бұл Ұлттық қордың әлеуетін сақтап, қорғау үшін қажет» - деп Президент жарлығының себебін түсіндірген еді.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың 27 маусымында «Ақ жол» фракциясының жетекшісі бірқатар елдердің сауда-саттық текетіресі жағдайына және әлемдік валюта мен бағалы қағаз арасалмағының тұрақсыздығының өсуіне байланысты үкімет пен Ұлттық банк төрағасына Ұлттық банктің алтын-валюталық резервінде және Ұлттық қорда алтын қорын көбейту ұсынысы бойынша депутаттық сауал жолдаған болатын.

«Алтын-валюталық резерві – ұлттық қаржы жүйесі мен ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды фактор. Сондықтан олардың әлеуеті мен өтімділігін қорғау, әсіресе бүгінгі геосаяси және макроэкономикалық қауіп жағдайында,  мемлекет экономикасының басты құндылығы боп қала береді», – деп есептейді «Ақ жолда».

Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы Мемлекет басшысының алтын-валюталық резервті сақтау және Қазақстан Республикасының ұлттық жинағыдағы алтын қорының үлесін көбейту туралы шешімін қолдайтынын жеткізеді. 


Видео

05 шілде 2019

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс