«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Халықаралық ынтымақтастық

00 0000

Халықаралық ынтымақтастық

«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясының Латвияның басқарушы «Виенотиба» партиясымен партияаралық әрекеттестігі қалыптасқан. Фракция делегациясы «Виенотибаның» шақыруымен Рига қаласына барды, онда Латвияның Премьер-Министрі Валдис Домбровскиспен, Латвия Парламентінің Спикері Солвита Аболтинямен және «Виенотиба» партиясының Көшбасшысы Дзинтарс Закиспен кездесті. 2012 жылы 29 мамырда бизнес-ахуалды қалыптастыру, салық салу, жоғары инновациялық құрамдастықпен БК құрудағы озық тәжірибелер туралы ақпараттармен алмасу мәселесінде кеңінен өзара әрекеттесуді қарастыратын Ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. Одан басқа, «Ақжолдықтар» латвиялық әріптестерімен өзара әрекеттестіктерге және Еуропарламентте (Еуропарламентте Латвияның 9 депутаты бар) Қазақстанның ұстанымдарын қолдау туралы келісті.

Фракция делегациясы 2012 жылы қарашада «ГЕРБ» партиясының шақыруымен Болгарияға барып қайтты. «Ақ жол» партиясының делегациясы Болгария Республикасының Парламентінде Болгарияның басқарушы «ГЕРБ» (Азаматтық Болгарияның Еуропалық дамуы үшін) партиясының Парламенттік фракциясының бюросының отырысына қатысты, фракцияның және партияның өңірлік бөлімшелерінің жұмыстарымен танысты. «Ақжолдықтардың» Болгарияның Еңбек және әлеуметтік саясат министрі Тота Младеновпен, «ГЕРБ» парламенттік фракцияның төрағасы Красимир Велчевпен, Сыртқы саясат және қорғаныс жөніндегі комиссияның өкілі, ГЕРБ партиясының депутаты Янко Здравковпен, Еуропарламент депутаты Владимир Уручевпен, Болгариялық инвестиция жөніндегі агенттіктің атқарушы директоры Борислав Стефановпен, бірқатар облыстар мен қалалардың басшылығымен кездесулері болды.

Болған кездесулерде – Еуропарламентпен ынтымақтастықтан жеке кәсіпкерлікті инвестициялық, салықтық және өндірістік саясатта қолдауға дейінгі   мәселелер кең түрде талқыланды. Анықтама үшін: Еуропарламентте Болгария Республикасының атынан 17 депутат бар, олардың жетеуі – ГЕРБ  партиясының мүшесі. Кездесулердің қорытындылары бойынша Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясының және  Болгарияның Еуропалық дамуы басқарушы партиясымен (ГЕРБ) және олардың парламенттік фракцияларымен Ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.

Депутаттардың 2012 жылғы 9 наурыздағы ҚХР Компартиясының ОК-нің делегациясымен кездесуінде Партияаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

2012 жылы 24 қарашада – фракция депутаттары Польшаның Парламентіндегі «Гражданская платформа» басқарушы фракциясы жетекшісінің орынбасары  Томаш Лэнзбен кездесті. Фракция құрамына екі палатадан 270 депутат кіреді, 25-і – Еуропарламенттің мүшесі. Кездесуде парламентаризм және демократияны эволюциялық дамыту саласында парламенттік фракциялардың өзара ынтымақтастығы туралы мәселелер тақыланды.

2012 жылы 14 желтоқсанда  - шетелдік БАҚ-ның өкілдерімен кездесу болды.

А.ж. 9 наурызында  - «Ақ жол» партиясы және Словакияның Христиандық-демократиялық партияларының арасындағы ынтымақтастық, сыбайлас жемқорлықпен күрес, парламенттік оппозиция және биліктің өзара әрекеттестігі, әлеуметтік салада және экономиканың басым салаларында салық салу туралы мәселелер талқыланды.

 


Видео

05 шілде 2017
А.Перуашев "Басты тақырып" бағдарламасында

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс