«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Сөйлеген сөздер

21 қараша 2014

Тек «ақшаны жасауды» ғана емес, адал бизнесті қолдау керек - Азат Перуашев
2014 жылдың 21 қарашасы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Тек «ақшаны жасауды» ғана емес, адал бізнесті қолдау керек, - деп сәрсенбі күні болған Мәжілістің пленарлық отырысында бірінші оқылымда кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша заң жобасын талқылаудың барысында Азат Перуашев мәлімдеді.
Баяндаманың толық мәтіні төменде келтіріледі.
 
 
«Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша баяндама
                 
2014 жылғы 9 қараша (бірінші оқылым).
 
Құрметті әріптестер! Заң жобасы өте маңызды және қажет екендігі сөзсіз, мен заң жобасын екінші оқылымы барысында оны әрі қарай қарау кезінде бірнеше қағидалық жағдайларға дайындаушылар мен әріптестерімнің назарын аударғым келіп отыр.  
Бірінші жағдай. Депуттаттар қолданыстағы заңнамада бизнесті дамыту үшін кедергілерді анықтап, үкімет жобасына толықтыру ретінде оларды жою бойынша ұсыныстар енгізген кезде, депутаттардың осындай бастамаларын елемеуді доғарып, бұған мейлінше  мұқият қарау керек.
Мысалы, біз мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау санэпидқызметтің лауазымды тұлғаларымен жүргізілетін қолданыстағы нормаларды анықтадық. Бірақ дәл сонда, 4 тармақта бақылау «өзге органдардың» құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері мен мамандарымен де жүргізілуі мүмкін деп көрсетілген.
Бұл тағы да қандай «өзге органдар»? Осылайша кез-келген шенеунік осы тармаққа сілтеме жасап, өз білетінін істеуді бастайды. Осы салаға қатысы жоқ тұлғаларға неге біз бизнесті тексеруге құқық береміз? «Ақ жол» депутаттары осы «өзгелерді» алып тастауды, қызмет саласы бойынша рұқсат берілгендердің ғана тексеруін ұсынды.
Бірақ дайындаушы және одан кейін жұмыс тобы өздерінің қандай да бір түсініктеріне байланысты бұл түзетуді қабылдамай отыр.
Кәсіпкерлік қызметтің жағдайларын түбегейлі жақсарту міндеті алдымызда тұр. Заң жобасы дәл осылай атылады. Ал енді жақсартайық, оның ішінде «өзге тексерушілерді» алып тастайық «Ақ жол» ҚДП фракциясынан жіберілген осындай ұсыныстар көп, бірақ оны мемлекеттік органдардың назарына ілігуден тыс қалып отыр. Бірақ олар шынымен де бизнес-ахуалды жақсартады. Сол үшін  депутаттар енгізіп жатқан түзетулерге өте мұқият қарауларыңызды сұраймыз.
Екінші жағдай. Біз бизнесті қолдау туралы айтып жатқан кезде, біз қандай бизнесті қолдайын деп жатқанымызды нақты айқындауымыз керек. Бұған  қатысты әріптестерімнен тек «ақша жасауды» ғана емес, адал бизнесті қолдауларыңызды сұраймын.
Мен не үшін бұл туралы айтып отырмын? Біз жаңа ғана бюджетті қарау кезінде Қазақстанға тұтынушылық экономикадан өнімді экономикаға көшуі қажеттігін талқыладық.
Барлық енгізілетін түзетулер бизнесті жүргізуді жеңілдетуге бағытталған, бірақ, мысалы тек тауарларды импорттауға ғана бағытталған бизнес бірқатар жағдайларда біздің отандық өндірушілеріміз үшін әділетсіз бәсекені тудыратынын түсіну керек. Ал біз кей кезде жағдайларды жеңілдету шеңберінде осы әділетсіздіктерге әсер етіп, осы арқылы өзіміздің өндірісімізді ығыстырамыз.
Мысалы, кестеге мынадай ұсыныс енгізілген – тиісті құжаттарсыз бір жыл бойы Қазақстанға тауарларды кіргізіп, оларды сатып жатқан тұлғаларды жауапкершіліктен босату.
Экономикалық реформа мен өңірлік даму жөніндегі комитеттің жақында өткен отырысында қорқынышты сандар туралы айтылған болатын – Қазақстанға кіргізілетін тауарлардың 46 % - да қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар жоқ.
Бұдан шығатыны, ондай тауарлар  кондициялық емес (бұзылған) немесе технологиялық талаптардың бұзылуымен жасалғанын үлкен ықтималдылықпен айтуға болады. Онда оларды бізге импорттаудың мәні неде? Тек бір себеп бойынша ғана: ондай тауарлар әрқашан регламенттер мен стандарттарға жауап беретін  басқа тауарлардан арзан.
Бұл тауарлар арзан бағалармен кіргізіледі және осы арқылы қауіпсіздік нормаларының сәйкестігіне тексеруден (сертификациядан) өтуі тиіс отандық тауарларды ығыстырады.
Нәтижесінде біз оларды сыртқы нарыққа да шығармаймыз, керісінше өзіміздің нарығымызды да жоғалтамыз. Және де бұл саланы ретке келтірудің орнына, енді келіп ондай құқықбұзушылықтар үшін мүлдем жауапкершіліктен босатуды ұсынамыз. Сол үшін жалпы айқындалу керек: біз не адал бизнесті қолдаймыз, не әділетсіз бәсекелестікті қоса алғанда, кез-келген коммерцияны қолдаймыз? Біз дәл осы адал кәсіпкерлерді, ең алдымен – өндірісті қолдауды ұсынамыз.
Тағы бір жағдай. Барлық осы нормаларды қарастыру кезінде негізгі конституциялық кепілдер мен нарықтық қағидаттарды басшылыққа алу керек деп санаймыз. Мысалы, жобада пайдаланылмайтын жерлерді күштеп алып қою бойынша бірқатар шаралар ұсынылады.
Аргументтер мен дәлелдер айқын: көптеген жер-сулар жеке меншікке өтіп кеткен, олардың көпшілігі сол жерлерді не өздері өңдей алмайды, не басқаларға бермейді.
Бірақ бізде Конституциямен жеке меншікке қол сұғылмау қағидаты бекітілген. Сол үшін мемлекеттен жалға алынған жер телімдері туралы әңгіме болғанда ешқандай мәселелер туындамайды: егер жалға алушы жерді өзінің орынымен  пайдаланбаса, онда алып қою ешқандай мәселені тудырмайды.
Бірақ, егер жер сатып алынған және жекеменшік болып табылса, онда  нарықтық тетіктерді волюнтаристтік әдістермен алмастырмайық. Кезекті бастықтың кәсіпкерге деген кез-келген кінараттары туындауы мүмкін, экономика мен бизнес бұған тәуелді болмауы керек.
Қолданыстағы заңнама тарапынан пайдаланбаған жерлер оның иесі үшін экономикалық тұрғыдан пайдасыз болатынын жасайтындай механизмдер қарастырылған. Біз жақында ғана Салық кодексінің шеңберінде жергілікті органдарға осындай жерлерге салық салуды он есе көбейтуге құқық бердік. Және сол кезде меншік иесінің өзі соңында осы жерді айналымға кіргізуі не одан бас тартып,  сатуы керек.
Ал біз басқа біреу жерді жақсырақ басқарады деп санағанымыз үшін ғана жеке меншік жерді алып қою – бұл нарықтық механизм емес.
Қалай болғанда да нарықтық қағидаларға сүйеніп, кәсіпкерлердің құқықтарын сақтайық, себебі нарықтық экономика жеке меншіктің қасиетті құқығына қол сұғылмаушылығын сүйенеді.
Осыдан келіп, әріптестер, мен осы заң жобасын сөзсіз бірінші оқылымда қолдау керектігін, бірақ екінші оқылым кезінде осы ескертулерді назарға алу керек деп санаймын. Рахмет.
 
 
 


Видео

05 шілде 2019

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс