«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Сайлау 2016

26 наурыз 2016

Бірыңғай кеден және салық кодексін қабылдау оңай жұмыс емес, алайда біз бұл істі жасауға тиіспіз - А.Перуашев


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірыңғай кеден және салық кодексін қабылдау оңай жұмыс емес. Дегенмен, бұл тиісті деңгейде орындалуы тиіс. Бүгін алтыншы шақырылған парламенттің бірінші сессиясынан кейін журналистерге берген сұхбатында депутат, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев осылай мәлім етті.
Еске салайық, Парламент сессиясының ашылуы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірыңғай салық және кеден кодекстерін қабылдауды тапсырған болатын.
Азат Перуашевтың айтуынша, Елбасының тапсырмасы негізінен уәкілетті органдарға қатысты болып отыр. «Қазіргі күні бұл қызметтер Мемлекеттік кірістер комитетінің құзыретіне біріктірілген. Сондықтан да екі бағыттағы жұмыстарды үйлестіру жүріп те жатыр. Сонымен қатар, бұл екі кодексті біріктіріп, сол арқылы салық пен кедендік саясатты ортақтастыру оңай жұмыс болмайтыны да анық. Өйткені, салықтық және кедендік түсімдердің фискалдық сипаты бар, әдістемелері де әртүрлі. Сондықтан да, ең бірінші кезекте осы екі бағыттағы мәліметтер базасын үйлестіру қажет, сол арқылы ақпараттарды да біріктіру керек. Дегенмен, жұмыстың күрделілігіне қарамастан, оны орындауға кірісуге тиіспіз», - деді А. Перуашев. 
 
Автор: Қанат Мәметқазыұлы
Дерек көзі - inform.kz


Написать комментарий


Представьтесь, пожалуйста *:

Укажите Ваш e-mail (требует подтверждения)* :

Напишите комментарий *:

Видео

23 сәуір 2017
«Ақ жол» партиясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс