«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Алаш аманаты

25 сәуір 2016

"Ақ жол" Алматыда "Алаштану" ғылыми зерттеу орталығын ашпақ


30 сәуір күні сағат 10:00-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, этнология және археология факультетінің 405 аудиториясында «Ақ жол» ҚДП-ның жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыратын «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты жалпыұлттық байқауының ІІ кезеңіне өткен жұмыстардың тыңдалым конференциясы және «Ақ жол» ҚДП мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –нің бірлесіп ашқан жобасы – «Алаштану» ғылыми зерттеу орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Осыған дейін «Ақ жол» ҚДП л.н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғалымдарымен шығармашылық байланыс орнатып, алаштану мәселелеріне қатысты бірқатар істерді бірлесе атқарған болатын.

Байқаудың басты мақсаты – Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату.

Байқауға қатысуға Алаш мұрасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта ғылыми зерттеулермен және публицистикамен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы екінші кезеңге жолдама алған еліміздің әр түрлі аймағынан келетін 24 жас ғалымдар мен ізденушілер қатысады. Байқауға 80 нен астам жұмыс түскен, әділқазылар алқасының шешімімен 24 жұмыс ІІ кезеңге өтті. Байқау жұмыстары қазақ, орыс тілінде қорғалады.

Биылғы байқаудың ерекшелігі – байқаудың шарты тұтасымен  Алаш көсемі Ә.Бөкейханның 150 жылдық мерейтойының құрметіне арналды. Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның шығармашылық тұлғалық қырына арналған байқау 4 номинациядан тұрады:

1. Әлихан Бөкейханның мемлекет құрылысына және демократиялық құндылықтарға көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі;

2. Әлихан Бөкейханның экономикалық көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі;

3. Әлихан Бөкейхан жұмыстарындағы қазақстандық қоғамның әлеуметтік, рухани-мәдени жаңғыруы, еуропалық жолмен дамуы мәселелері және олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі.

4. Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер;

Ғылыми шараға Алаштанушы ғалымдар мен әдебиеттанушы, тарихшылар, сондай-ақ, студенттер мен магистранттар қатысады.


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс