«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Сөйлеген сөздер

16 мамыр 2016

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтың Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның бірінші отырысында 2016 жылдың 14 мамырында сөйлеген сөзі
 Құрметті әріптестер!
«Ақ жол» партиясында да, және тұтастай алғанда бизнес-қауымдастықта да өндірістің негізгі құралдары кәсіпкерлердің өздерінің меншігінде болғанын қалайтынын анық айта аламын. Әсіресе,  шенеуніктерге сенім жоғары болмай тұрған, біздің жағдайда.
Жерге меншік – бұл болашаққа деген  сенімділік, бұл инвестициялардың кепілдемесі. Ал инвестицияларсыз, ауыл шаруашылығының әлеуетін экономиканың жетекші салаларының бірі ретінде көтеру мүмкін емес.
Жеке меншік – нарықтық экономиканың негізі.  Ауыл шаруашылығы үшін жерге жеке меншіктің мәні несие проблемаларымен де байланысты, өйткені банктер жерді жалға берудің актілерін кепілге алмайды. Бірақ қарыз алушының меншігінде тұрған жердің қаржыландыруды қамтамасыз етудегі тартымдылығына ешқандай шүбә жоқ.
Жерді жекешелендіруді жасандылықпен жеделдете жүргізіп, асығудың қажеті жоқтығы, басқа мәселе. Көптеген шаруашылықтар өз телімдерін бірден қазір сатып алуға дайын емес, одан басқа жерді жекешелендірудің тәртібі мен рәсімдеріне қатысты да сұрақтар бар. Мұнда мүмкін кезең-кезеңмен біртіндеп алға жылжу керек шығар. Әуелі, ең алдымен, жер шенеуніктердің туыстары мен таныстарына кетпей, сол жерде нақты жұмыс істейтіндердің иелігіне өтуі үшін ашық және әділ тетіктер жасауды қамтамасыз ету керек.
Бірақ, ең алдымен, жер деген - Ана, жер – мемлекеттілік, жер деген - Тәуелсіздік. Сондықтан жерімізді қалай пайдалансақ та, оған қауып-қатер төндірмей, әр бір қадамымызды мұқият өлшеуміз қажет.
Мысалы, шетелдік инвесторларға келсек - жерді шетелдіктерге жалға беруден қоркатындарға мен де түсіністікпен қараймын. Шетелдіктер біздің жерімізге ізгі ниетімен келсе, озық әдістеме, заманауи технология әкелсе - тіпті жақсы болар еді. Ал олай болмаса ше?
Сол себептен ел азаматтары Жер кодексінде шетелдік компанияларға берілген мүмкіндіктері қаншалықты дұрыс, қаншалықты өзіміздің ұлттық мүддемізге сай, болмаса қаншалықты қауіпті екендігіне күмәнданса, біз оны тағы да зерттеп, талқылауымыз керек деп санаймын.
Мынаған назар аударғым келеді, талқылауға қатысушылардың бірен-сараны болмаса, түгел дерлік бізге, егерде олар заманауи агротехнологиялар әкелсе, жалға алған жерде ашық және адал жұмыс істесе, дамыған елдердің компаниялары келгеніне қарсы болып отырған жоқ.
Тек қытай компанияларына қауіптеніп қарап, ойындағыларын айтуда. Мұны мен жәй ғана психологиялық комплекс немесе «фобия» дейтіндермен келіспеймін. Өкінішке орай, мұндай қауіптенулерге шынайы негіздер бар. Біріншіден, біздің халқымыздың  орналасу жиілігінің төмендігі, ал айналамызда біздің көршілеріміздің қалың қоныстанған аумақтары бар. Екіншіден, бүгінде жұртың бәріне мәлім, Тәжікстандағы қытай компанияларының қайғылы тәжірибесі, сондай-ақ, кейбір мемлекеттердің, мысалға, Австралияның оларға жер беруден бас тартуы. Қазақстанның өз тәжірибесі де бар, ақтөбелік мұнай компаниясында қазақстандық жұмысшыларды қысқартқан, қазақстандық мердігерлерді шығарып тастаған және тауарлар әкелуге мен қызметтер көрсетуге өздерінің қытайлық жеткізушілерін әкелген. Сондықтан да мен жұртшылықтың бұған сақтықпен қарауын негізсіз емес деп ойлаймын.
Бірақ, тек жалғыз Қытайды шектеу біздің жақын көршімізге қатысты жылы шырайлы достастыққа жатпайтыны түсінікті, тіпті мұндай шектеу заңсыз болуы да мүмкін, мен заңгер емеспін, мұны құқықтық талдау керек.
Екінші жағынан алғанда, егер жерді ұзақ мерзімді жалдау мәселесінде біз ұлттық қауіпсіздігімізге қатер туатынын, сепаратизм тәуекелдіктерін және т.б. теріс құбылыстарды байқасақ – онда Қазақстанмен тікелей шекаралас мемлекеттердің шетелдік компанияларына шектеу қою және жерді жалдауға жол бермеу керек болар.
Ал Еуропа және Азияның дамыған мемлекеттерінің компаниялары кірсе, жерді жалға алып және біздің ауыл шаруашылығымызға үздік тәжірибе және үздік агротехнологиялар әкелер еді.
Біздің бұл мәселені ұлттық мүдделерді, интеграциялық міндеттемелерді және жағдайдың одан әрі дамуын ескере отырып, мұқият зерттеуге және талқылауға негізіміз бар.
Сонымен қатар, либералдық жер реформасын созудан біз ештеңе ұтпайтынымызды түсіну керек.
Менің алдымда сөйлеген әріптестер алып мемлекеттердің арасында тұрған бізге өзіміздің жолымызбен жүру үшін мықты мемлекет қажет деп атап өтті. Бірақ мемлекет тек күшті экономика құрып, күшті бола алады. Ал күшті экономика, өмір көрсетіп отырғандай, тек мұнайды тірек ете алмайды. Шикізаттық экономикаға агроөнеркәсіптік кешен балама болуы тиіс.
Сондықтан да Қазақстан, егер дамыған ауыл шаруашылығына және ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуге қол жеткізбесе, ешқашанда күшті мемлекет бола алмайды.
Жерге жеке меншік енгізу сияқты маңызды нарықтық ұстанымнан бас тартып, АӨК-ді дамыту және қаржыландыруды тежеу – іс жүзінде біздің мемлекетті экономикалық жағынан да, геосаяси жағынан да дамымай қалдыруды білдіреді.
Бүгінгі пікірталас қазіргі ахуалды жалпы түсіну бар екенін көрсетіп отыр, ендеше біз дұрыс жолдамыз деп ойлаймын.
Біздің комиссияның жұмысына табыс тілеймін.


Видео

14 маусым 2019
Выступление А.Перуашева 8 июня 2019

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс