«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Аймақ - жаңалықтары

10 ақпан 2017

Дәрігерлер Елбасы Жолдауына қолдау білдірді

«Ақ жол» ҚДП-ның Ақмола облыстық филиалы, 2017 жылдың  10  ақпаны

Депутат Меруерт Қазбекова Зеренді аудандық ауруханасында болып, оның ұжымымен кездесу өткізді. Ол дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің қызметтік және тұрмыстық жағдайын сұрап білді. Ауруханадағы медициналық құрал-жабдықтармен жарақтану мәселесіне де назар аударды.

Халық қалаулысы Елбасы Жолдауының басты талаптары жайлы кеңінен әңгіме қозғады. Бұл құжаттың қазіргі жаһандық дағдарыс кезіндегі маңызды сипаттарын айта келе, ел экономикасын көтеру арқылы  тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жол ашылатынын атап көрсетті.

Биылғы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап күшіне енетін міндетті медициналық сақтандыру заңына да тоқталып өтті. Бұл медицина мекемелерін қаржыландыру мен осы заманғы құралдармен қамтамасыз етуде мәселені шешуге ықпал ететінін тілге тиек етті. Ең бастысы, адамдар сапалы ем алып, тегін қызметтерге ие болады.

Еліміздің фармацевттік қызмет көрсету бағытында мемлекеттік реттеуші кәсіпорын дәрі-дәрмекті сырттан қымбат бағаға тасып, жеке бастың қамын ойлағанын, жақында осы мекеменің басшылары Елбасы тапсырмасымен қызметтен қуылғанын да еске салып өтті.

Енді  жаңаша өмір сүрудің талаптарын барлық салада енгізу талап етіледі. Дәрігер мамандардың жетіспеушілігін жою және оларды тұрғын үйлермен қамтып, әлеуметтік қолдау жасаудың  түбегейлі шешілетініне сенім білдірді.

Меруерт Қазбекова осы жолғы сапарында өзіне көп ұсыныс-тілектерді арқалап кетті. Оны жоғары жерде көтеру өзінің сайлаушылар алдындағы басты міндеті екенін де атап өтті.

 

Регионы

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс