«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Аймақ - жаңалықтары

09 ақпан 2017

Депутат Меруерт Қазбекова жергілікті кәсіпорынды аралады

«Ақжол» ҚДП-ныңАқмолаоблыстықфилиалы, 2017 жыдың  9 ақпаны

Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова Сандықтау ауданындағы жұмыс сапары кезінде жергілікті жеке кәсіпкер Берік Қанафиннің «Қанағат» туристік кешенінде болды. Бұл осы бір ағашы жайқалып, ну орманы қалың өңірдің тартымды табиғатын тамашалауға келетіндерге қызмет көрсетеді.

Сандықтау жерінде спорттың қысқы түрлері де жақсы дамығанын білеміз. Кезінде Калгари олимпидасында  кеңес мемлекетінің командасы қоржынына жүлде салған атақты Сахнов та осы өңірде шаңғы спортына машықтанған еді.

Депутат туристік кешеннің әлеуеті үлкен екенін көріп, қызмет көрсету аясын кеңейтуді ұсынды.  Жаңа заманның талабына лайық ырысыңды көбейтуге болатынын да атап көрсетті. Ең бастысы, еңбекке деген ықылас болуы тиіс.

Ал, осы кәсіпкердің бұдан басқа құрылыс материалдарын, оның ішінде жиһаз шығаратын цехында болып, заман талғамына сай бірнеше жиһаз түрлерін шығаруды қолға алғанын көрді. Бұл да жергілікті сұранысты осылай өз күшімізбен толықтыруға болатыны көрсетеді. Сырттан тасылатын өнімдердің барлығы сапалы бола бермейтіні анық жай. Ал,  осылай  тұрғындар ұсынысына орай жиһаз шығару жақсы кәсіптің бірі екенін де айтқан жөн.

Кездесу соңында Меруерт Қазбекова кәсіпкерге алдағы жұмысына табыс тілеп, Елбасы Жолдауына орай бизнесті жаппай дамыту бастамасына үлес қоса беруіне тілектестігін білдірді.

 

Регионы

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс