«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Аймақ - жаңалықтары

19 қазан 2018

Берік Дүйсембинов облыстық Ішкі істер департаментінің басшыларымен кездесті

19 қазан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембиновтің аймақтарға сапары 18 қазанда облыстық Ішкі істер департаментінің жеке құрамымен кездесуден басталды. Басқосудың басты тақырыбы Елбасының биылғы Жолдауын талқылауға арналды.

           

Депутат өз сөзінде Президент Жолдауының әлеуметтік бағыттарының маңыздылығына тоқталып, «түйткілді мәселелерді тек талқылай бермей, оны нақты шешудің уақыты келді» деп атап өтті.

«Ақжолдық» депутат, Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитеттің мүшесінің айтуынша, Жолдауда айтылған негізгі міндеттер келер жылдың басынан іске аса бастамақ. Соның бірі – құқық қорғау жүйесін реформалау, қызмет көрсетудің «сервистік» моделіне көшу.

Департамент басшылығы облыстағы ішкі істер органдарын оңтайландыруға, штат санын қысқартуға, «сервистік» модельге көшуге, полицейлердің біліктілігін арттыруға қатысты өз жоспарларымен бөлісті. Сол жоспарлардың бірі – әр қалалық және аудандық бөлімшеде тұрғындарға заңнамалық кеңес беретін «Фронт-офистер» ашу.

Кездесу соңында Берік Дүйсембинов Жолдауды іске асыру үшін Ішкі істер департаментінің ресурстары, ал басшылық құрамның біліктілігі мен тәжірибесі жететінін атап өтті.

Мәжілісменнің ШҚО бойынша өңірлерге сапары жалғасуда.

Регионы

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс