«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Аймақ - жаңалықтары

29 шілде 2019

«Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облысы Облыстық кеңесінің мүшесі Дәметкен Сүлейменова Уфада ғылыми конференцияға қатысты

29 шілде 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Облыстық кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, тарих ғылымының қауымдастырылған профессоры, алаштанушы, Ж.Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық корының президенті Дәметкен Сүлейменова Башқұрстан мемлекетінің астанасы – Уфа қаласына іс-сапар жасады.

Профессор Сүлейменова «Дерек. Тарихшы. Саясат» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, «ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының зиялы азаматы – Аспендияр Кенжинұлы Кенжин» тақырыбында баядамасын ұсынды. Конференция барысында, Даметкен Досмұханқызы отан тарихы, Алаш пен қазақтың ардақты ұлы, білікті дәрігер – Аспендияр Кенжин туралы мәлімдеді.

 ХХ ғасырдың басында қазақ ұлты Ресей патша үкіметінің отарлық саясатынан үлкен зардап шеккені белгілі. Сондықтан, ұлт зиялылары патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы күрестің жаңа түрі – саяси күрес екеніне көз жеткізді. Көптеген оқыған қазақ интеллигенциясы Ресей жеріндегі саяси күрестің іс-тәжіребесін жинақтап, орыс мәдениетінің озық тәсілдерін үйреніп, жоғарғы оқу орындарында білім алып, қалың ұйқыдағы қазақ жұртын оятуға бел шеше кірісті. Осындай оқыған қазақ зиялыларының бірі – Аспендияр Кенжинұлы Кенжин болатын.

Ғылыми конференциядан кейін алаштанушы Уфа қаласындағы Башқұрстан мемлекеттік архивінде болып, құнды әрі қажетті, тың материалдар іздестірді.

Адам өз тарихын білмей, ұлт болып қалыптаса алмайды, ал тарихын білмеу надандық. Балаға ерте жастан бастап, тарихты оқытып, қазақтың қалай ел болғанын әрбір отбасы санасына сіңіріп отырса  мықты ел болатынымыз анық.

Регионы

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс