«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Аймақ - жаңалықтары

11 желтоксан 2015

МҮШӘЙРА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Кеше Алматыда Жазушылар Одағының әдебиетшілер үйінде «Ақ жол» партиясы ұйымдастырған жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетіп, жеңімпаз ақындар марапатталды.

Биылғы жылы Елбасымыздың бастамасымен Қазақ хандығының 550 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Бүгінгі Тәуелсіздігіміз - сонау қазақ хандығының құрылып, сан ғасыр бойы ұлан байтақ жерімізді қорғау жолындағы күрестерінен бастау алады. Тамыры терең тарихымызға үңіліп, жас ұрпақ санасына бабалар жолын насихаттау біздің азаматтық борышымыз.


 

Осы бағытта, «Ақ жол» демократиялық партиясы «Ел мен Ер» атты халықаралық мүшәйра жариялаған болатын. Мүшәйраға қатысқан  156 ақынның 568 шығармасының ішінен әділқазылар іріктеген 25 ақынға 100 мың теңге көлемінде арнайы жүлде беріледі. Жазушылар одағында өткен мүшайра қортындысында бас жүлде (1 млн теңге) жыр бәйгеден оза шапқан көрнекті ақын Ғалым Жайлыбайға бұйырды. Жүлдегер ақындарды марапаттау жиналысына партия жетекшісі Азат Перуашев арнайы қатысып, өзінің жүрекжарды тілектерімен бөлісті. Сонымен бірге, партия атынан қоғамда өз орны бар журналистер мен зиялы қауым өкілдеріне «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған арнайы төс белгіні табыс етті.

Регионы

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс