«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Аймақ - жаңалықтары

30 қаңтар 2016

«Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының есеп беру конференциясы өтті
30 қаңтар күні Алматыдағы кәсіпкерлікті дамыту «Даму» қорының жиын залында «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының есеп беру конференциясы өтті.


110 делегат қатысқан жиынға партияның Орталық органдарының басшылары, Төралқа мүшесі Н.Жазылбеков, Орталық Кеңестің Хатшысы А.Сқабылұлы, Партиялық комиссия төрағасы А.Линник және Кеңес мүшелері мен партия белсенділері қатысты.


Жиында сөз алған Нұрлан Жазылбеков алдағы сайлау науқаны туралы айта келіп, партияның сайлауалды тұғырнамасында қамтылған негізгі мәселелерге арнайы тоқталды. Жиын барысындаАлматы қалалық Мәслихат депутаттығына «Ақ жол» партиясының белсенділері: Ф. Константинов, С.Шабанов, А.Мырзабековтердің кандидатурасы ұсынылды.


Сонымен қатар, алдағы 3 ақпан күні Астана қаласында өтетін партияның XIII Съезіне қатысатын делегаттар сайланды. Олар: Е.Барлыбаев, А.Линник, А.Сқабылұлы, Д.Васильев, А.Абикенов, Ф.Константинов,  С.Шабанов.

Жиын соңында  партияға еңбегі сіңген бір топ азаматты «Қазақ Хандығының 550 жылдығына» арналған арнайы  медальмен марапаттады және партия қатарына өткен азаматтарға партиялық билет табысталды. 





Регионы

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс