«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Аймақ - жаңалықтары

04 наурыз 2016

Бағдарламадағы басым бағыт – отандық өндірушіні қолдау
           «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
 
         2016 жылдың 4 наурызында үгіт-насихат шаралары аясында «Ақ жол» партиясының жетекшісі А.Перуашев және Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Қ.Иса, Е.Барлыбаев, Б.Дүйсембинов, Р.Арынғазиндер Павлодар облысында еліміздегі сүт өнімдері саласындағы жетекші кәсіпорнның бірі «ФудМастер» компаниясының еңбек ұжымымен кездесті.



Кездесу барысында Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының бағдарламасымен қысқаша таныстырып, сайлауалды бағдарламадағы басты бағыттар мен басымдылықтарға тоқталды. Ол партия бағдарламасының негізгі басымдылықтары – отандық өндірушілерді қолдап, қазақстандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қаблеттілігін арттыру деді.


Сонымен қатар «Мемлекет пен бизнестің басты жауы жемқорлық. Жемқорлардың құлқынынан Қазақстаннан шетелге әкетілген халықтың миллиардтаған қаражатын қайтаруымыз керек» деп атап көрсетті.

Кездесуге жиналғандар зейнетақы қоры, ақылы медицина, білім беру саласы бойынша сауалдар қойды.



Кездесу соңында кәсіпорын ұжымы «ақжолдықтарды» өздерінің сүт өнімдерінен дәм татқызды. Одан кейін А.Перуашев пен Республикалық сайлау штабының мүшелері Павлодар «Мұнайхимия» Зауытының ұжымымен кездесті.





Написать комментарий


Представьтесь, пожалуйста *:

Укажите Ваш e-mail (требует подтверждения)* :

Напишите комментарий *:

Регионы

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс