«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Аймақ - жаңалықтары

18 маусым 2016

"Ақ жол" аула клубтарына көмектеседі
 "Ақ жол"ҚДП Алматы қалалық филиалы, 2016 жылдың 20 маусымы


 
"Құлагер" шағын ауданында "Ақ жол" ҚДП қолдауымен спорт клубы ашылды. Нөсер жаңбырға қарамастан жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жаңадан ашылған "Ақ жол" клубын көруге келді. "Құлагер" - оңтүстік астанадағы жастар ауданының бірі. Мұнда оқушылар мен студенттер көп. Олардың барлығы да элиталық фитнес-орталықтарға барып тұра алмайды.



 "Әрбір қазақстандықтың және әрбір қазақстандық отбасының тұрақты және өркенді өмір сүру сапасын арттыруға қол жеткізуіне", - деген міндет қойды ҚДП өзінің "Ақ жол" – жұмыс істеу" бағдарламасында. Партия сайлауалды бағдарламасын сөз жүзінде емес, іс жүзінде іске асырады.

 
Бүгінгі күні қараусыз қалған, темірлермен және басқа да қоқыспен толтырылған үйлердің бірінің жертөлесін тани алмайсың. Айналасы төрт айдың ішінде клубты құрудың бастамашысы Абдурасул Аркин және оның достары энтузиастардың көмегімен жертөлені тазартып, қабырғаларын бояп, едендерді ауыстырғаннан кейін жертөле жаңа түрге өзгерді. Қазір мұнда спортпен айналысуға болады. Залдардың бірінде "қазақша күрес" күресінің  әуесқойлары жаттығатын болады. Басқа залда фитнес бойынша  нұсқаушы өз денесін қалай ретке келтіру керек екеніне кеңес береді.
  Негізінен бұл жерде ұлдар мен жігіттер айналысатын болады, себебі  бұлар үлкен спорттан шетте қалып келеді.



Абдурасул Аркин № 1 балалар үйінің, аз қамтылған отбасылардың балаларымен тегін жаттығатын болады. Басқаларға құны-5 мың теңге болатын абонемент берілетін болады. Жаңа "Ақ жол" спорт клубына кім келсе, оларды спорт шеберлері және дайындалған нұсқаушылар жаттықтыратын болады. Абдурасулдың өзі дзюдо бойынша спорт шебері болып табылады.



 "Үлкен спортқа салынған жол дәл аула клубынан басталады. Шағын ауданның жасөспірімдері өздерін жаңа спорт клубынана табады деп үміттенеміз", - деп, Алматы қалалық партия филиалының жетекшісі Дмитрий Васильев барлық жиналушыларға табыс тіледі.

Регионы

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс