«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Аймақ - жаңалықтары

07 шілде 2016

Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев Павлодар өңірінде бірқатар кездесулер өткізді
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 7 шілдесі



Өңірдегі алғашқы кездесулер Шарбақты ауданында болды. Депутат аудан әкімімен, ауылдық округ әкімдерімен, жергілікті мәслихат депутаттары және аудан жұртшылығымен кездесті.
Кездесуде депутатпен бірге Павлодар облыстық филиалының төрағасы Е. Арынов және облыстық Кеңес мүшелері Қ. Тұрсұмбаев, К. Абельбеисов және Н. Смутнаялар болды.
Е. Барлыбаев фракциясының жұмысы туралы, партияның жер реформасына байланысты ұсыныстары туралы әңгімелеп берді. Өз сөзінде ол, негізінен барлығын толғандыратын мәселе- жерді шетел азаматтарына сату және жалға беру екенін атап өтті. 10 жылға жалға алу қалыпты және ұзартуға да  болады, жердің жалға берілуі мүмкін, сондықтан жерді сатудың мағынасы жоқ. Тауар өндірушілердің қаражаттары жоқ. Тауар өндірушілерден бір нәрсе алу үшін, оған алдымен бір нәрсе беру керек. Ынталандыру керек, тауар өндірушілер үшін жақсы бағдарламалар керек, содан кейін ғана сату туралы ойлау керек. Депутат атап өткендей, барлық ұсыныстарды ескере отырып, партия өз ұстанымдарын осы күздің өзінде-ақ әзірлейді.
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің де біз үшін маңызы кем емес!-деді  Е. Барлыбаев.



Дәл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басым болуы тиіс.
Ауылдағы мамандар бойынша да мәселе көтерілді.  Әсіресе, ветеринарлар жетіспейді.
Күннің екінші жартысында депутат ауданның тұрақты кәсіпорындардың бірі болып табылатын А. Поляков басқаратын "Победа" ЖШС-не барды. Еңбекке қабілетті халықтың 560-нан 350 адам "Победа" ЖШС жұмыс істейді.  А. Поляков ауылда өмір сүру беделін мемлекеттік деңгейде көтерудің қажеттілігі туралы айтып өтті. Кім игіліктерді жасаса, сол көбірек преференциялармен пайдалануы тиіс. Ауылда барлық әлеуметтік нысандар жұмыс істейді. Кәсіпорын жыл сайын 50 млн теңге қаржыны әлеуметтік нысандарға салады. Жастармен айналысудың қажеттілігі туралы пікір білдірді.  Және жастардың  ауылда қалуы үшін мемлекеттік гранттарды жандандыру және тұрғын үйге пайызсыз несие беру қажет.



Кездесу барысында Е. Барлыбаев сауалға қойылған барлық сұрақтарға жауап берді және қатысқандары үшін барлығына алғысын білдірді.

Регионы

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс