«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Сайлауалды тұғырнамалар

Сен өз арманыңа лайықсың!(2007ж.)

СЕН ӨЗ АРМАНЫҢА ЛАЙЫҚСЫҢ!

«Ақ жол» партиясының сайлауалды тұғырнамасының негізгі қағидалары

Ардақты азамат!

Көкіректе арман көп!

Біреуге лайықты жұмыс табу арман.

Біреу жақсы білім алғысы келеді.

Ал біреу өз ісін ашып, не болмаса оны кеңейткісі келеді.

Біреу жайлы баспана іздейді.

Сонымен бірге, біз бәріміз де өз балаларымыздың болашағына сенімді болсақ дейміз.

Әрине, Сіздің қай-қайсыңыз да өз арманыңызға лайықсыз. 

Бірақ, бүгінгі билік, бүгінгі жүйе осы арманды жүзеге асыруға мүмкіндік бермей отыр.

Себебі, бізде теңдік жоқ.

Заң алдында бәріміз бірдей тең емеспіз. Шенеуніктер, алпауыттар, олардың отбасылары заңға бағынышты емес. Соттар заңмен емес, жоғарының бұйрығымен шешім қабылдайды. Сотта уәж емес, қалтаның қалыңдығы жүріп тұр.

Баспана алуда да теңдік жоқ. Мемлекет есебінен салынатын тұрғын үй таңдаулылардың қанжығасында. Үй салуға жер бөлуде, құрылыс материалдары нарығында адал, ашық бәсекелестік жоқ. Шенеуніктер, құрылыс компаниялары, коммерциялық банктер өз дегендерін жасап жатыр. Нәтижесінде тұрғын үйдің бағасы өте қымбат. Көпшілік өзіне лайық баспана таба алмай, сенділіп жүр.

Мемлекеттік қызметке де тек тамыр-таныс арқылы қол жеткізуге болады.

Билік пен жүйе еңбекті бағалар емес. Жұмысшының, шаруаның, мұғалім мен дәрігердің еңбегі, жұмыс орындарын ашып отырған кәсіпкерлердің еңбегі лайықты бағаланып отырған жоқ.

Меншік иелерінің құқы аяққа тапталуда. Ірі алпауыттар мен шенеуніктер мемлекеттік мұқтаждық деген желеумен мемлекеттік органдарды пайдаланып, жұрттың жеке меншігі мен бизнесіне қол салуда. Жалданып жұмыс істейтін қарапайым жұмыскердің құқы да тапталып, жаншылуда.

Билік имандылық, руханият, әдеп жайында мүлдем ұмытқан. Теледидарда зұлымдық пен жүгенсіздікті насихаттау етек жайған. Жүйе тек өзін өзі мақтаумен шүғылданып кетті.

Осының бәрі Сіздің арманыңыздың жүзеге асуына жол бермей отыр.

Бірақ, Сіз өз арманыңызға лайықсыз! Сіздің арманыңыздың Қазақстанда жүзеге асуына барлық мүмкіндік бар! Біз бұған кәміл сенеміз!

Бұл үшін Қазақстан тең мүмкіндіктер еліне айналуы керек.

Даланың баласы ма, қаланың баласы ма, оңтүстіктің бе, солтүстіктің бе, батыстың, әлде шығыстың баласы ма, бәріңізге де өз қалауыңызша білім алып, денсаулығыңызды күтіп, айлығы жақсы жұмысқа орналасып, лайықты баспана иемденіп, балаларыңыздың келешегіне сенімді болуға тең мүмкіндік керек.

Сіз табысты кәсіпкер, не кез келген салада мықты маман, жоғары айлығы бар мұғалім, дәрігер, инженер, ғалым, депутат, әкім, министр болуға лайықсыз.

Сіздің лайықты екеніңізге сене отырып, «Ақ жол» Сіздің арманыңызды жүзеге асыру жолында өз бағдарламасын ұсынып отыр. Бұл бағдарлама – Теңдік, Еңбек, Имандылық құндылықтарына негізделген.

Біз Қазақстанда Сізге лайық жұмыс орындарын қалай ашу керек екенін білеміз. Біз баршаға лайықты, көпшілік қол жеткізер тұрғын үйді қалай салып, білім және денсаулық сақтау деңгейін қалай көтеру керек екенін білеміз. Біз жемқорлықпен күресу жолдарын да білеміз.

Біз Сіздің арманыңызға жетуге көмектесеміз.

«Лайықты жұмыс орындары және лайықты жалақы» бағдарламасы 

Қазақстан экономикасының өрлеуі біржақты болып кетті. Яғни, ел экономикасы, мұнай мен газдың, бағалы металдар мен басқа да шикізат көздері бағасының жоғарылауы есебінен өсіп отыр.

Мұндай жағдайда ел ішінде жұмыс орындары көбірек ашылуы керек. Ал, бұл үшін, ең алдымен бизнесті қыспаққа алған әкімшілік қысым мен салық ауыртпалығын төмендету қажет.

«Ақ жол» не ұсынады?

Алдымен, корпоротивті табыс салығын 18 пайызға дейін, қосымша құн салығын 12 пайызға дейін төмендету керек.

Жаңа іс ашқанда тиісті орындарды хабардар етуді электронды поштамен де жүзеге асыруға болады.

Лицензия беретін қызмет түрлерін азайтып, электр желісіне қосылу құнын төмендету керек.

Несие пайыздарын төмендетуді ынталандыру қажет.

Әкімдерге жұрттың жеке бизнесіне араласуға мүмкіндік беретін мемлекеттік құрылымдар жасауға тыйым салу керек.

Мемлекеттік орындарды пайдалана отырып, мемлекеттік мұқтаждық желеуімен біреудің меншігіне қол сұғып, «рейдерлік» әрекеттерге баратындарға деген жазаны күшейту керек.

Жеке меншіктің қорғау жүйесін қамтамасыз ету керек.

«Шикізаттан түскен табыс - жұмыс орындарын ашсын» атты мақсатты бағдарлама жасап, біздің шикізаттың арқасында пайда тауып отырған ірі шетел компанияларына «біздің шикізат – сіздің технология» деген қағидамен шикізат өңдеу зауыттарын салғызбақпыз.

Мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік тапсырысты конкурс арқылы өткізгенде комиссияға бизнес пен жұртшылық өкілдерін кіргізу керек.

Ел экономикасына қажетті инженерлік техникалық кадрлар мен жұмысшы мамандарды дайындайтын кәсіптік техникалық мектептер мен техникалық университеттерді, курстар жүйесін қайта түлету қажет.

Жалақыны реттеуде кәсіподақтардың, ұжымдық келісім-шарттардың, салалық шарттардың рөлін заң жүзінде көтеру қажет.

Ең төменгі жалақыны 2010 жылға дейін 30 мың теңгеге, ал орташа жалақы 150 мың теңгеге дейін көтеру керек.

«Бәрідеадамигілігіүшін» бағдарламасы

Қазақстан әлемдегі көш басшылар қатарына, бюджеттің негізгі шығыны адамға бағытталған жағдайда ғана ене алады.

«Ақ жол» не ұсынып отыр? 

Біз, 2010 жылға дейін жалпы ішкі өнімнің 7 пайызға жуығын білімге, 5 пайыздайын денсаулық сақтауға, 3 пайызын ғылымға жұмсау қажет деп санаймыз.

Ал, қаржыны көтеруді, бүгінгі күні шенеуніктердің қосымша табыс көзіне айналып отырған негізсіз мемлекеттік инвестицияларды қысқарту арқылы жүзеге асыру керек.

Денсаулық сақтау саласында таңдаулылар ғана пайдаланатын республикалық орталықтар емес, елді мекендерде қарапайым азаматтарға арналған ауруханалар мен емханалар ашу керек. 

Дәрігерлер мен мұғалімдердің орташа айлығын 2010 жылға дейін 110 мың теңгеге көтеру керек. Мұғалімдердің, дәрігерлер мен азаматтық қызметкерлердің еңбегіне жалақы төлеу барысында аудандық коэффициенттер енгізу қажет.

Сол сияқты, дәрігерлер мен мұғалімдердің біліктілігін көтеретін, оларды сапалы дайындайтын арнайы бағдарлама жүзеге асырылуы тиіс. Олардың ең озықтарын ең мықты шетелдік және орталықтарға кәсіби біліктілігін көтеруге жіберу керек. 

Мұғалімдердің апталық сағат мөлшері азайтылып, мұғалімдер мен дәрігерлер үшін арнайы тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуы қажет. 

Мұғалімдер мен дәрігерлердің бүгінгі жағдайы елдің ертеңінің көрінісі деп білу керек!

Мұнайдан түскен табыстың бір бөлігін арнайы мектептер мен кәсіптік-техникалық оқу орындарын құрал жабдықпен қамтамасыз етуге жұмсайтын боламыз. 

Әрбір жаңадан туған нәрестеге Ұлттық қордың жылдық табысы есебінен арнайы есепшот ашып, паспортымен бірге әрбір Қазақстан баласы 400 мың теңге қолына алатын бағдарлама енгізу керек. 

Төменгі күн-көріс деңгейін 2008 жылы 20 мың теңгеге, жасына байланысты төлемақыны 12 мың теңгеге, ал ең төменгі зейнетақыны 24 мың теңгеге көтеру қажет. Орташа зейнетақыны 2012 жылға дейін 90 мың теңгеге дейін жеткіземіз. 

Асыраушысынан айырылғандар мен мүгедектерге берілетін әлеуметтік төлемдерді көтереміз.

Егер лайықты жұмыс орны болмаса әйелдерге 55 жасында, ер адамдарға 60 жасында зейнетке шығу құқығын береміз. 

2012 жылға дейін жыл сайын 100 миллиард теңгені «Таза ауыз су» бағдарламасына жұмсаймы.

«Арзан да лайықты баспана» бағдарламасы 

Отандастарымыздың басындағы баспана мәселесі қоғамдағы түрлі процестерге, мәселен демографиялық, қоғамдық, экономикалық мәселелерге кері ықпалын тигізіп отыр.

«Ақ жол» не ұсынады?

Қалаларда жас отбасылар мен мамандарға арналған коммуналдық тұрғын үй салуы қажет. Сонымен қатар, ауылдан қалаға жұмыс іздеп келген және табыс деңгейі төмен адамдар үшін арнайы әлеуметтік тұрғын үй салынуы тиіс.

Қалалардың ең қымбат жерлерінен үй салуға жер алған құрылыс компанияларына басқа жерден арзан коммуналдық және әлеуметтік тұрғын үй салуға жерді қосып беру қажет.

Тұрғын үй құнын арзандату үшін, әкімдер тұрғын үй салуға берілетін жерді жариялы аукцион арқылы, ал құрылыс компаниялары құрылыс материалдарын тек конкурс негізінде сатып алуға тиіс.

Жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысын дамытуды заң жүзінде ынталандыру қажет.

Ипотекалық бағдарламамен үй алатындарға әрбір отбасында нәресте дүниеге келген сайын бірінші балаға 30 пайыз, екінші балаға 60 пайыз, үшіншісіне 80 пайыз жеңілдік беріп, төрт баласы барларға толығымен мемлекет есебінен ипотекалық несие жабылуы керек.

КСК-ға көмек бағдарламасын жасап, қазіргі ескірген тұрғын үй қорын күрделі жөндеуден өткізуге мемлекет қаржы бөлуі тиіс.

«Ауылдағылардың лайықты өмірі» бағдарламасы 

Қазақстан жұртының басым көпшілігі ауыл-селоларда тұрып жатыр. Сондықтан да, ауыл мәселесі, қашанда мемлекеттің алдыңғы қатарлы міндеттерінің бірі болуы тиіс.

«Ақ жол» не ұсынып отыр?

Мемлекет барлық елді мекендерді телефон желісіне қосуды қамтамасыз етуі керек. Ұялы телефондар операторларына берілетін рұқсат, тек ауыл адамдарын желіге қосқан кезде берілу тиіс.

Ауыл адамдарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, жыл сайын 100 млрд. теңге бөлінуі тиіс.

Ауылда жұмыс жасайтын дәрігерлер мен мұғалімдердің, мәдениет қызметкерлерінің мәртебесін көтеру қажет.

Барлық елді мекендерде фельдшерлік, окушерлік пункттер ашылады.

Ауыл аралық жолдарды қалпына келтіру және де ауыл тұрғындарына арналған кәсіптік техникалық білім бағдарламасы болады.

Сонымен бірге, біз заң жүзінде ауылдағы тұтынушылар копперациясын жандандыруды қолға алатын боламыз.

Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алудың мөлшерлі бағасын үкімет үш жылдық мерзімге жариялап отыруы керек.

Мұнайдан түсетін табыстың бір бөлігі шаруа мен фермерге алдыңғы қатарлы техника мен технологияларды сатып алу үшін бөлінуі керек.

«Мәдениет пен руханият» бағдарламасы

Елімізде кітап оқып, театрға, көрмелерге баратын кісі саны азайып кетті. Қоғам имандылық, руханият, әдеп сынды құндылықтардан алыстап кетті.

«Ақ жол» не ұсынады?

Мемлекеттік «Мәдениет» және «Білім» телеарналарын ашу. Мемлекеттік тапсырыс үкіметтің жетістіктерін насихаттауға емес, бірінші кезекте отандық мультфильмдер шығаруға және отандық мәдени, ғылыми-танымдық бағдарламаларды қаржыландыруға жіберілуі керек.

Әдебиетшілердің, ғалымдар мен өнер қайраткерлерінің авторлық құқы қорғалуын қамтамысыз ету керек.

«Балаларға арналған әдебиет» деген арнайы мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс.

Газет, журнал, кітап шығаруда қосымша құн салығы толығымен жойылу керек.

Мемлекеттік телеарналарды министрліктер емес, қоғам, ғылым, білім, мәдениет қайраткерлері қатысатын қоғамдық кеңестер басқару тиіс.

Мемлекеттік тіл дамыту саясатында табандылық пен жүйелілік негіз болуы керек.

Ішімдік пен темекіні тікелей де, жанама да жарнамалауға толық тыйым салыну керек.

Есірткі саудасымен айналысатындардың қылмыстық жазасын күшейту керек.

«Барлығы заң алдында тең» бағдарламасы

«Ақ жол» партиясы бүгінгі билік секілді жемқорлықтың салдарымен емес, оның түбегейлі себептерімен күресетін болады.

Бұл үшін баршаның заң алдында бірдей болуы түбегейлі шарт. Тек қана баршаның заң алдында тең болуы – қоғамда өзара сенім туғызады. Жемқорлықпен аяусыз күрес – қоғам мен азаматтың мемлекетке деген сенімін қалпына келтіре алады.

«Ақжол» неұсынады?

Ол үшін барлық қалалар мен аудандардың әкімдерін тікелей халық сайлауы керек.

Ауылдарда мәслихаттар құрылуы қажет.

Парламент пен мәслихаттың рөлін одан әрі көтереміз.

Бас прокурор мен есеп комитеті, адам құқы жөніндегі уәкіл тікелей Мәжіліске бағынуы тиіс.

Қаржы полициясын жабу қажет.

Соттардың үкіметтен, әкімдерден, өзінен жоғары соттардан, материалдық, техникалық және кадрлық түрғыда тәуелсіз болуын қамтамасыз ету керек.

Аудандық, қалалық соттар сайлануы қажет.

Құқық қорғау органдары мен соттардың ең төменгі деңгейдегі қызметкерлерінің жалақысын екі есе көтеру қажет.

Біз таңдаулы кәсіпорындарға берілетін жеңілдіктерден арылуымыз керек.

Жалпыға бірдей табыс декларациясы енгізілуі тиіс.

Инфрақұрылымдардан басқа, халық есебінен құрылып отырған негізсіз мемлекеттік инвестициялар қысқартылуы керек.

Кеден, салық инспекциясы, полиция, БТИ сынды мемлекеттік орындардың қызметі қашан да ашық түрде жүргізілуі тиіс.

***

«Ақ жол» көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың, өз отанының болашағына немқұрайлы қарай алмайтындардың партиясы.

Біз осы ұсынған бағдарламаны жүзеге асыруға жауапкершілік аламыз.

Қазақстан әлемде бәсекелестікке қабылетті болуы үшін барлық салада шынайы тұлпарлар мен сұңқарларды, жүйріктер мен шешендерді анықтайтын әділ бәсекелестік болуы қажет.

Біз сіздермен бірге Қазақстанды баршаға тең мүмкіндіктер еліне айналдырамыз!
Біз біріге отырып, Сіздің арманыңызды жүзеге асырамыз!
 
Сіз өз арманыңызға лайықсыз!
 
Арманыңа дауыс бер!
 
«Ақжолға» дауысбер!
 
«АҚЖОЛ, ҚАЗАҚСТАН
 
Партия бағдарламасынан