«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты

Өтініш беру ережелері

Құрметті қолданушы!

Өтініш беру алдында ереже талаптарымен танысыңыз

Қаралмайтын сұрақтар:

  • Анонимдік, кейбір жағдайларды ескермегенде
  • Әдепсіз сөздер кездессе
  • Оқуға келмейтін мәтін және түсініксіз қысқартулар кездесетін өтініштер

Алдын ала модерациялау

Өтініш сайт модераторымен өңделеді, сонымен қатар, емле ережесі мен этика нормаларына сәйкес өтінішке түзетулер енгізілуі мүмкін. Тек содан кейін ғана өтініш жарияланады, тек келесі түзетулерге шек қойылмайды:

  • Өтініш мәтінінен тіл тигізу, жала жабу сипаттағы мәліметтер, абыройына, намысына және іскерлік беделіне зиян тигізетін ақпараттар және жаман атты қылдыратын мәліметтер алынып тасталуы мүмкін.
  • Өтініш мәтінінен әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, қауымдық және рулық араздықты қоздыруға және өршітуге бағытталған, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымы мен мүліктік жағдайына қарай кемсітушілік сипаттағы мәліметтер алынып тасталуы мүмкін. Республиканың аумақтық тұтастығын бұзуға және конституциялық құрылымын күштеп өзгертуге шақыратын, халықтың өміріне, денсаулығына, қауіпсіздігіне қауіп төндіретін мазмұндағы пікірлер алынып тасталады.

Әдетте, өтінішті модерациялауға және тіпті аралық жауапты дайындауға белгілі бір уақыт керек. Осыған байланысты, қайталанған өтініштер немесе бұған дейін берілген өтініштердің орналастырылмау себептері немесе олардың ағымдағы модерациялау жағдайын анықтау үшін жолданған өтініштер қабылданбауы мүмкін.

Сіздің өтінішіңізде жауап электрондық түрде ғана жолданылатын болады.

Келісемін