«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Депутаттар

Никитинская Екатерина Сергеевна

1955 жылы Алматы қаласында туған. С. М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін (1977) бітірген, экономист, экономика ғылымдарының докторы. 


Университетті бітіргеннен кейін Қазақстан ғылымдар академиясының Экономика институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген.

1991-1993 жылдары ҚазКСР мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің аралас меншік бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.

1993-1994 жж. – «Атакент» АҚ вице-президенті.

1994-1995 жж. – «Таңдау» ЖШС бас директоры.

1995-1996 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Стратегиялық ресурстарды бақылау агенттігінің Бақылау-тексеру департаментінің директоры болып істеген.

1997-1998 жж. – «Хабар» агенттігі» РМК-ның қаржы жөніндегі директоры.

1998-2001 жж.– «Essex Commercial Corporation» елшілігінде кеңесші.

2001-2004 жж. – «Қазақстан Республикасы жұмыс берушілерінің конфедерациясы» қауымдастығының атқарушы директоры.

2004-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі Аппараты басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары.

2007-2012 жж. – «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» ЗТБ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

2009-2012 жж. – «Астана қ. «Атамекен» Одағы» экономикалық палатасы» ЗТБ төрағасының бірінші орынбасары.

2009-2012 жж. – «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының қаржылық және салықтық кеңесшілер палатасы» ЖШС бас директоры.

2009-2012 жж. – «Қазақстанның ұлттық индустриалдық палатасы» Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» ЗТБ бас директоры.

2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы фракция басшысының орынбасары.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Бір ұлы және екі немересі бар.

Депутаттар

Партия жарғысынан
VIII. Партияның Орталық Органдары.
...ттіктерін Партияның Орталық кеңесінің тиісті шешімін қабылдау арқылы Партияның Орталық кеңесінің Президиумына беруге құқылы. 36. Партияның Орталық кеңесiнiң мәжiлiстерi аралығында оның өкілеттігі Партияның Орталық кеңесiнiң Президиумына жүктеледі. 36.1. Партияның Орталық кеңесiнiң Президиумы үш айда бір реттен кем емес мерзімде Партия Төрағасының, немесе қажеттілікке қарай, Президиум мүшелерінің 1...