«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Депутаттар

Қазбекова Меруерт Айтқажықызы

1961 жылы Көкшетау қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, «Тұран» университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Саяси ғылымдардың кандидаты. 


1973 – 1983 жылдары – Алматы халық шаруашылығы институтының студенті.

1983 – 1985 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сақтандыруда инженер-экономист болып жұмыс істеген.

1986 – 1989 жылдары Көкшетау қалалық атқару комитетінде инженер-экономист, экономист, аға экономист болып жұмыс істеген.

1991 – 1992 жылдары – Көкшетау қаласында шаруашылық есептік-экономикалық топ жетекшісі.

1992 – 2006 жылдары – «Тілектес» ЖШС-нің директоры, «АВЗ – 007» ЖШС-нің қаржылық директоры.

2006 – 2008 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Қаржы департаментінің басқарма бастығы.

2008 жылдан бастап «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

1998 – 2002 жылдары – Іскер әйелдер қауымдастығының Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы (қоғамдық негізде).

2000 жылы АҚШ-да тағылымдамадан өткен.

2001 жылы АҚШ-да «SАBIT» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен.

2002 – 2006 жылдары – Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының төрайымы (қоғамдық негізде).

2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы.

2002 жылдан «Ақ жол» ҚДП-ның мүшесі. 2002 – 2005 жылдары «Ақжол» ҚДП-ның Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы. 2012 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.

Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.

Екі баласы бар.

Депутаттар

Партия жарғысынан
VI. Саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiн құру тәртiбi.
... заңнамаларында қаралған тәртiппен құрылады, тiркеледi (қайта тiркеледi), қайта құрылады және таратылады. 27. Партия өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында атқарады. Партияның құрылымдық бөлiмшелері (филиалдар, өкілдіктер) Партия съезінде шешім қабылдау арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртiппен және Партияны мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн, заңнам...