«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Депутаттар

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы - "Ақ жол" партиясының Төрағасы

1967 жылы туған, Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасы. 


Білімі: жоғары, ғылым кандидаты

1984 – 1991 жж. – М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университеті (Свердловск қаласы);

1995 – 1996 жж. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (Алматы қаласы);

1998 – 2000 жж. - Жетісу экономикалық институты (Талдықорған қаласы);

2011 ж. – РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының докторанты.

 Еңбек жолын Қиыр Солтүстік портында жүк тасушы болып бастады, әскер қатарында болды. 

 1991 ж. – Қазақстан Компартиясы Панфилов аудандық комитетінің нұсқаушысы. 

1992 – 1995 жж. – Талдықорған облысы әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі.

1996 – 1998 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі.

1998 – 2005 жж. – «Қазақстан алюминийі» АҚ бас директорының орынбасары, вице-президенті.

2006 ж. – Қазақстан Азаматтық партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы.

2006 – 2011 жж. «Атамекен» ҚҰЭП басқармасының төрағасы.

2011 жылғы шілдеден – «Ақ жол» ҚДП төрағасы.

2012 жылғы қаңтардан – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының фракция жетекшісі.

Наградалары:

- ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2008 ж.)

- «Қазақстан алюминийі» АҚ еңбек сіңірген қызметкері (2005 ж.).

- «Мәдени бастама» кеңес-америка қорының жас ғалымдар сыйлығының лауреаты (1991 ж.).

- Қазақстан ЛКЖО ОК Құрмет грамотасы (1987 ж.).

Үйленген, төрт баласы бар.

Депутаттар

Партия жарғысынан
VIII. Партияның Орталық Органдары.
...екелеген өкілеттіктерді Партияның Орталық кеңесінің Президиумының тиісті шешімін қабылдау арқылы Партия Төрағасына беруге құқылы. 37. Партияның Орталық атқарушы органы Партия Төрағасы болып табылады. 37.1. Партия Төрағасы Партия съезімен төрт жыл мерзімге сайланады. Қажеттілік болған жағдайда, Партияның Орталық кеңесінің бастамасымен Партия Төрағасын мерзімінен бұрын сайлауға жол беріледі (импичме...