«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партия төрағасы

Перуашев 
Азат Тұрлыбекұлы 




1967 жылы туған, Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасы.

Білімі: жоғары, ғылым кандидаты

1984 – 1991 жж. – М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университеті (Свердловск қаласы);

1995 – 1996 жж. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (Алматы қаласы);

1998 – 2000 жж. - Жетісу экономикалық институты (Талдықорған қаласы);

2011 ж. – РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының докторанты.

 Еңбек жолын Қиыр Солтүстік портында жүк тасушы болып бастады, әскер қатарында болды. 

1991 ж. – Қазақстан Компартиясы Панфилов аудандық комитетінің нұсқаушысы.

1992 – 1995 жж. – Талдықорған облысы әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі.

1996 – 1998 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі.

1998 – 2005 жж. – «Қазақстан алюминийі» АҚ бас директорының орынбасары, вице-президенті.

2006 ж. – Қазақстан Азаматтық партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы.

2006 – 2011 жж. «Атамекен» ҚҰЭП басқармасының төрағасы.

2011 жылғы шілдеден – «Ақ жол» ҚДП төрағасы.

2012 жылғы қаңтардан – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының фракция жетекшісі.

Наградалары:

- ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2008 ж.)

- «Қазақстан алюминийі» АҚ еңбек сіңірген қызметкері (2005 ж.).

- «Мәдени бастама» кеңес-америка қорының жас ғалымдар сыйлығының лауреаты (1991 ж.).

- Қазақстан ЛКЖО ОК Құрмет грамотасы (1987 ж.).

Үйленген, төрт баласы бар.

Партия төрағасы

Партия төрағасының орынбасарлары

Орталық Кеңес

Орталық Кеңесінің хатшылары

ОК Президиумы

Бақылау-тексеру комиссиясы

Партия комиссиясы

Орталық аппарат

Партия филиалдарының басшылары

Партия жарғысынан
V. Партияға мүшелiкке өтудiң және шығудың шарты, тәртiбi, партия мүшелерiн есепке алу, олардың құқықтары мен мiндеттерi.
...тары мен мiндеттерi.22. Партия мүшелiгi мынадай жағдайларда тоқтатылады: 1) партия мүшесiнiң өз бастамасы бойынша – партия мүшелiгiнен шығуы туралы бастауыш партия ұйымы арқылы Партияның тиiстi филиалының Кеңесі немесе өкiлдiгiне немесе тiкелей Партияның тиiстi филиалының Кеңесіне немесе өкiлдiгiне, не партияның Орталық кеңесiнiң Президиумына берген өтiнiшi және осындай өтініші бойынша оны п...