«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Жарғы
I.Жалпы ережелер.

4.Партияның толық аты:
мемлекеттiк тiлде – «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгi;
орыс тiлiнде – Общественное объединение «Демократическая партия Казахстана «Ак жол».
Партияның қысқаша аты: мемлекеттiк тiлде – «Ақ жол» ҚДП;
орыс тiлiнде – ДПК «Ак жол».
5. Партия шексiз мерзiм бойы жұмыс жасау үшiн құрылған.
6. Партия оқшауланған мүлкi, өзiндiк балансы бар, өз атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарға ие, мiндеттемелерiне жауап беретiн, сотта талапкер және жауапкер бола алатын заңды тұлға болып табылады.
7. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес, оның жеке қаржылары мен мүлiктерi есебiнен өндiрiп алу жөнiнде шешiм қабылданған жағдайда, партия өз міндеттемелері бойынша өзіндік қаржыларымен және мүлiктерiмен жауап бере алады. Партия мүшелерi Партияның мiндеттемелерi бойынша өздерiне жауапкершiлiк жүктемейдi. Партия өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды.
8. Партияның өз қызметiн жүзеге асыру үшін өз атауы көрсетiлген мөрi мен мөртабаны, жеке фирмалық бланктерi, отандық банктер мен мекемелерде банктiк операциялар жүргiзетiн есептiк және басқа да есепшоттары болады.
Партия өзінің атрибутикасын (значоктар, медалдар, вымпелдер, жалаулар және т.б.) белгілеуге және шығаруға құқылы. Партияның өз символикасы бар (Қосымша № 1).
9. Партияның Орталық аппаратының мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, поштаталық индекс 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сарайшық к-сі, 11 үй, №5 офис .
 << 1
2
Ұстау

I.Жалпы ережелер

II. Партияның негiзгi мақсаты мен мiндетi

III. Партия қызметiнiң нысаны

IV. Партия құқықтары мен мiндеттерi

V. Партияға мүшелiкке өтудiң және шығудың шарты, тәртiбi, партия мүшелерiн есепке алу, олардың құқықтары мен мiндеттерi

VI. Саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiн құру тәртiбi

VII. Партияның ұйымдық құрылымы

VIII. Партияның Орталық Органдары

IX. Партия филиалдары және өкілдіктері

X. Партиядан кандидаттарды (кандидаттар тiзiмiн) ұсыну, олардың сайланбалы органдар құрамындағы қызметі және оларды қайта шақырып алу немесе орындарына басқа адамдарды ұсыну тәртiбi

XI. Партияның қаржысы мен мүлкi

XII. Партияның қаржылық-шаруашылық қызметі

XIII. Партия Жарғысы және Бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi

XIV. Партияны қайта құру және қызметiн тоқтату

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің 2002 жылғы 12 ақпандағы Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар

Қосымша №1

Қосымша №2